Көрме • 17 Сәуір, 2023
«Періште ізі» – шебер мен шәкірт тартуы
Ата-бабадан мұра болып келген төрт түліктің падишасы жылқы жануарының Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің кең залына үйір-үйірімен жосыла келген сәтін алматылықтар алғаш рет көрді. «Ішсе – сусын, жесе – азық, мінсе – көлік» Қамбар ата түлігі қылқалам шеберлерінің суреттеуінде әр қырынан ашылып, бір тақырыпты жырлаудың мұншама мол бай үлгісіне еріксіз тәнті болды. Жағалата ілінген картиналардағы мөлдіреген жылқының жанарына қараған адамның бойына қанат бітіп, жүрегінде рух оянды. Бауыр еті баласына «құлыным» деп еміренген қазақ пен жылқының ортақ қасиетін, жақындығын сезіндірген көрме «Izder Iv/Періште ізі» деп аталады.
Теннис • 17 Сәуір, 2023
Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы ел тарихында екінші рет командалық әлем чемпионаты саналатын Билли Джин Кинг кубогі жолындағы жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды. Елордадағы Ұлттық теннис орталығында өткен бәсекеде ел мақтанышы Елена Рыбакина бастаған жерлестеріміз әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентектің отандастарын 3:1 есебімен қапы қалдырды.
Денсаулық • 17 Сәуір, 2023
Адам ағзасы ықылым замандардан бері үздіксіз зерттеліп жатса да, әлі күнге дейін ғұламаларға да сырын бермей келе жатқан кеселдер көп. Мәселен, қазіргі таңда қант диабеті дейтін дерттің жастарда ғана емес, сирек те болса жас балалардан да табылып жатқаны оқымыстыларды ойлантып отыр.
Мәселе • 17 Сәуір, 2023
Су тапшылығы – шаруаның ғана мәселесі емес
Түркістандық диқандардың көктемгі қарбалас тіршілігі ақпан айынан-ақ басталып кеткен. Әсіресе Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш, Келес аудандарының еңбеккерлері ерте қамданады. Қоян жылының көктемінде жауын-шашын мол болды. Дегенмен өңір үшін ағын судың жеткілікті болуы маңызды.
Құқық • 17 Сәуір, 2023
Елімізде 9 миллионнан аса еңбекке қабілетті адам бар. Мамандардың айтуынша, бұл – Орталық Азияның еңбек нарығындағы үлкен күш. Сондықтан болар, елде жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек дауы жиі тіркеледі. «Бұған ең басты себеп – құқықтық сауатсыздық», дейді заңгерлер. Халықтың басым көпшілігі қызметке алынып, екі қолға бір күрек табылуын мақсат тұтады, ал еңбек шартының түпкі байыбына баратындар аз. Сол себепті де еңбек құқығының қандай заңдармен қорғалатынын біліп жүрген жөн.