Аймақтар • 05 Наурыз, 2018
СҚО: Асқар Мамин өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысымен танысты
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин облысқа жұмыс сапармен келіп, күзгесалым Ресей және Қазақстан президенттерінің қатысуымен өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысымен танысты. А.Маминнің жұмыс сапары қайта жаңғыртудан өткен Петропавл халықаралық әуежайынан басталды. Үкіметтің резервтік қорынан бөлінген қаржыға ұшып-қону жолақтары кеңейтіліп, ұзартылған.
Өнер • 05 Наурыз, 2018
«Самұрық келген таң» ертегісі «Астана Опера» театрында сахналанды
Балаларға арналған шығармалар көп емес. Сол кемшілікті толтыру мақсатын көздегендік болар, жыл сайынғы республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында балаларға арналған шығармаларға бір аталым беріліп отыратыны өте құптарлық іс. Мұны Мәдениет және спорт министрлігінің игілікті істерінің бірі деуге болар. 2016 жылғы байқауда балалар сахнасына арналған драма аталымы болған. Осы аталым бойынша 1-ші орынды «Самұрық келген таң» ертегісі алған еді. Сол драма музыкалық ертегі болып, жақында «Астана Опера» театрында сахналанды.
Әдебиет • 05 Наурыз, 2018
Халқымыздың арасында сақталған інжу-маржандардың бірі – ауыз әдебиеті. Тарихымызға үңілсек, қазақта нешебір дүлдүл ақындар болғаны белгілі. От ауызды, орақ тілді ақындар арасынан ерекшеленіп, есімі сақталып қалған айтулы ақындардың бірі – Сарбас ақын. Сарбас Майкөтұлы жайлы мәліметтер «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясына енген (2005 жыл, 7-ші том, 555-бет). Оның Жамбылмен айтысын «Жамбыл Жабаев» (шығармаларының толық жинағы, Алматы. Қазақ университеті. 2010. І том, 79-114-беттер) кітабынан және басқа да басылымдардан кездестіруге болады.
Тап осы Наурызда қырқа-белі қыраулы, қарлы қыстың ызғарлы лебі лезде тоңмойын қалыбынан танып, топырақ тоңы жіпсіп, майда самал маңдайды өбеді. Көктем – көркем-ау!
Қазақстан • 05 Наурыз, 2018
Сақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасының басты жаңалықтары
Парламент Мәжілісінің депутаттары сақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасының өзектілігін және онда саладағы нақты проблемаларды шешу көзделгенін атап өтіп, заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.