Президент • 06 Наурыз, 2018
М. Әшімбаев: Халықтың әлеуметтік жағдайы бәрінен маңызды
Елбасының ұсыныстары халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша зор әсерін тигізеді деп есептеймін.
Президент • 06 Наурыз, 2018
Г. Әбдіқалықова: Әлеуметтік бірлік – ұлт бақуаттылығының негізі
Осыдан екі айға жуық уақыт бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттің әлеуметтік шығыстарын арттыруды тапсырды. Қазіргі жаһандық экономикадағы дағдарыс кезеңіне қарамастан, мемлекеттік органдар алдына осындай міндет қойылған еді. Еске сала кетейік, республикалық бюджет шығыстары 2018 жылы 12% өсіп, 4,1 трлн теңгеден асып түсті.
Кино • 06 Наурыз, 2018
Бүгінгі киноэкран: қайдасың, қазақ тілі?
Дәл қазіргі біздің киноэкранымызға қазақ тілінің еш қатысы жоқ секілді. Аталуы қазақша, кейіпкері қазақ тілінде сөйлейтін фильм күннен күнге азайып барады. Бұл тіпті қалыпты жағдайға айналғаны соншалық, күндердің күнінде қазақ тілінде түсірілген дүниені шам алып жүріп іздесек те таппай қаламыз ба деген күдікті ой туа бастады. Расында да, киноэкранымыз қазақ тілімен қош айтысуға шындап бел буғаны ма?..
Руханият • 06 Наурыз, 2018
«...Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда, байлықтан не пайда, кедейліктен не залал?.. Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек...». Бұл – Абайдың сөзі.