Саясат • 18 Наурыз, 2022
Саяси реформаларды жалғастыру – батыл қадам
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Саяси реформалар 5.0: сараптамалық көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауы талқыланды.
Үкімет • 18 Наурыз, 2022
Парламентке ауқымды міндет жүктеліп отыр
Кеше Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Сөз басында Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына назар аударды. Палата Спикері ел Президенті жаңа Жолдауымен қоғамды алаңдатқан бірқатар түйткілге, оның ішінде елімізді саяси жаңғыртуға қатысты мәселеге нақты жауап бергенін айтты.
Өнер • 18 Наурыз, 2022
Бұл сәттің де өз баяны бар. Табиғат ұйқыдан оянар шақта, ай аруды ұзатып салып, күн бикешті қарсы алады. Бір-бірін мәңгілік көре алмайтын ай мен күннің арасы жақындар мезет осы – таң алагеуім. Қара қыстың қатқыл таңы орманға барсаңыз, шебер сызған суреттер ерекше көрінеді. Біз ұсынып отырған картина, сол әппақ әлемнің көшірмесі ғана.
Сұхбат • 18 Наурыз, 2022
Смағұл Елубай: Ашаршылықтың ақиқатын айтуға енді кім кедергі бізге?!
– Смағұл Абатұлы, сіз әдебиет пен тарихты тең ұстап, қос қанатыңыз сияқты іргелі екі саланың қия-қатпарына еркін самғап, қатар қызмет етіп келесіз. Өзге қаламгерлерден басты даралығыңыз да осында. Жер-Ананың жүзіне бір сызат түссе, ол сөзсіз жазушының жүрегінен өтеді. Украинадағы жағдайға сіздің алаңдамауыңыз мүмкін емес, әлемдік қауымдастықтың мазасын қашырған ахуалды қалай бағалап отырсыз?
Әдебиет • 18 Наурыз, 2022
Құдайберген ұмытылған үлкен дарын.Кеңес өкіметі орнағанда ол әлі зар күйінде болатын. Бірақ дүниені қырып-жойып, қирата келген усойқы қоғамның тәртібіне илігуі қиямет боп, ол оны қабылдамады, оған мойынсұнбады. Оның бұл мәрттігін Иса ақынның қызы Махфуза Байзақованың «Шалқар шабыт» атты кітабының бір тұсындағы: «Жерлес екі ақын бірін-бірі қадір тұтты. Иса Құдайберген Әлсейітовтің дарқан мінезін, табиғат берген керемет талантын қатты сыйлады. Екеуі кездесе қалса болды, жас ақын (Исаны айтып отыр. – И.Ж.) өзімен тағдырлас ағасына (Құдайбергенді айтып отыр. – И.Ж.) халық өмірінде өнердің ендігі рөлі қалай болуы керектігін түсіндіруге тырысып бақты. Амал не, Құдайберген өзінің ескі түсінігінен айнымады», – деген сөзден көреміз. (М.Байзақова. «Порыв вдохновенный». Өнер. 1987. 55- бет).