Мереке • 19 Наурыз, 2024
Барша түркі елі мен Шығыс халқы мекендейтін Орталық Азиядан Балқанға дейінгі алып кеңістікте ежелден тойланып, ортақ дәстүрге айналған, бес мың жылдық тарихы бар Наурыз мейрамы – жаңару мен жасампаздық, береке мен бірлік, молшылық пен тоқшылық мерекесі.
Мереке • 19 Наурыз, 2024
Табиғаттың түрленіп, қысқы қар құрсауынан босанып, түлеуінің өзі ай бойы созылады. Адамдар арасында бұрынғы ашу-ыза, өкпе-наздың бәрі ұмытылады.
Салық • 19 Наурыз, 2024
Бастапқы жоспар бойынша қосымша құн салығы (ҚҚС) өсімі бюджетке 2 триллион теңгеден астам кіріс әкелуге тиіс еді. Бұл мәселе өзектілігін жойған соң, қаражатты қайдан аламыз деген сұрақ туындады. ҚҚС көтерілуіне қарсы болған кәсіпкерлердің айтуынша, ең абзалы – бизнеске жағдай жасау, сонда Үкіметтің бюджет алдындағы жауапкершілігі жеңілдейді. Мәселен, Үкімет 1 жұмыс орнын ашу үшін 150 мың доллар жұмсаса, бизнесте мұны 15 мың доллармен шешуге болады екен.
Қаржы • 19 Наурыз, 2024
Ашық банкинг асығыстықты көтермейді
Отандық қаржы жүйесінің белсенді цифрлануы нәтижесінде көп өтпей кез келген тұтынушы смартфонындағы бір банк қосымшасы арқылы бірнеше банктегі қаржылық жағдайын бақылап отыруға қол жеткізеді. Яғни банктің мобильді қосымшасымен жеке кабинетке кіріп, бірнеше шотты басқаруға және тұрақты төлем мен аударымдарды жүргізуге, қаржылық есептілікті оңтайландыруға, өзінің кірісі мен шығысын талдауға мүмкіндігі бар.
Қоғам • 19 Наурыз, 2024
Ерекше қажеттілігі бар жандарды жан-жақты қолдау – қоғамға ортақ міндет. Алматыда мұндай санаттағы 58 мыңнан аса адам өмір сүріп жатыр десек, олардың 9 мыңы – балалар. Әрбір азамат еркін дамуға, оқуға, жұмыс істеуге мүмкіндік ала отырып, өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі маңызды.