Абай • 19 Ақпан, 2020
Биылғы жыл – еліміз үшін, оның ішінде мәдениет пен өнер саласының өкілдері үшін маңызды жыл. Ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын, әл Фарабидің 1150 жылдығын және Алтын Орданың 750 жылдығын жоғары деңгейде атап өту мәдениет саласының майталмандары үшін маңызды міндет. Айтулы даталарға байланысты өңірлерде ауқымды шаралар басталып та кеткен. Соның бірі – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұйымдастырған «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла...» атты әдеби-сазды кеш.
Руханият • 19 Ақпан, 2020
Жыл сайын тәуелсіздік күнінің қарсаңында «Парасат» орденін лайықты адамдарға беріп жатқан кезде менің көз алдыма қазақтың айтулы азаматы Хамит Рақышевтің асыл бейнесі келеді. Өйткені бұл орден атауының өзі кісілік пен кішіліктің, парасат пен мейірімділіктің үлгісіндей ұлтына адал қызмет еткен адамдарға ғана лайықты сияқты. Оның үстіне жан дүниесі осы қасиетті атқа сай шартарапқа шуақ шашып жүретін атпал азаматтарға тиесілі сыбаға іспетті. Міне, сондайда биік парасат иесі ақиық ағамен қатар жүрген, ұстаздық тағылымын көрген алыста қалған асыл күндер ойға түседі.
Қоғам • 19 Ақпан, 2020
Жарқылдаған алмастай еді Әшекең...
Қыркүйек айының ортасы. Аптаның соңы таяп қалған. Іссапардан қайтар жолда алдағы демалыс күндерінде Көкшенің әсем табиғатын тамашалап қайту үшін үш-төрт жігіт Бурабайға кештетіп жеттік. Жолдасым Ермектің үйіне түстік. Бәріміз келе сала киім ауыстырып, серуендеп қайтуға далаға шықтық. Көкшенің сан алуан түске боянып, құлпырып, тамылжыған келбетіне тамсанып, көл жағалап асықпай, біраз жүрдік. Үйге кештетіп оралдық. Дастарқан басында емен-жарқын әңгіме-дүкен құрып, ұзақ отырдық. «Енді демалайық» деп, жастыққа бас қойғанымыз сол еді, беймезгіл уақытта менің телефоныма беймаза қоңырау түсті. Тараздан, ағам Батырбек Құлекеев екен, секемденіп, тұтқаны көтердім. «Алло???». Амандасып, аз-кем тілдескен соң ағам суық хабар айтты. Абзал азамат Әшімжан Ахметов қайтыс болыпты...
Аймақтар • 19 Ақпан, 2020
Қытай елінің шекарасымен шектесетін Шығыс Қазақстан облысында сол елден шыққан коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстар қолға алынған.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2020
Қауіп сейілмеді, сақтық күшейді
Алматы облысының Қытаймен шекаралас аудандарында короновирусқа қарсы сақтық шаралары күн тәртібінен түскен жоқ.