Қазақстан • 18 Ақпан, 2019
Облыстық филармонияға автобус сыйға тартты
Биыл Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияға 75 жыл толады. Облыста үш күн бойы дүрілдеп өткен дирижерлер форумының соңғы қорытынды концертінде Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов облыстық филармонияның директоры Назымбек Молдахметовке автобус кілтін тапсырды. Сонымен қатар ол биыл өнер ұжымының мерейтойы үлкен табыстармен аталып өтетінін және материалдық жағынан нығая түсетінін айтты.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2019
Астананың азық-түлік белдеуі: әлеумет пен әлеует
Астана тұрғындарының несібесі мол, қазаны майлы болуына Ақмола облысы мүмкіндігінше өз үлесін қосуда. 2019 жылы елордада жылына 5 мың тонна ет өңдейтін кешен салынбақ. Кешен іске қосылған кезде ет өнімдері әжептәуір арзандайтыны анық. Әйткенмен алып кешеннің қажеттілігін өтеу де керек емес пе? Міне, осы орайдағы салмақтың біразы – Ақмола облысы көтеретін жүк.
Әлем • 18 Ақпан, 2019
Биылғы «Жастар жылының» ашылу рәсімі кезінде Мемлекет Басшысы жастарға ең қажеттінің бірі –баспана екенін атап көрсеттті. Ақтөбе облысында осы мәселені реттеу мен шешуге байланысты бірегей бағдарламалар белгіленді. Соның бірі –Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Тұрғын үй Құрылыс Жинақ Банкі» АҚ арасында жасалған елімізде ешқандай баламасы жоқ жасампаз жоба. Бұл бағдарлама облыстың 29 жасқа дейінгі жас тұрғындарына арналған.
Коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді
Егер газ, жылу, су және электр қуаты секілді әлеуметтік мәні мен маңызы жоғары коммуналдық қызмет тарифтері негізсіз көтерілсе, мұндай жағдай тұрғындардың орынды өкпе-реніштерін туғызуы әбден мүмкін.
Бокс • 18 Ақпан, 2019
Үш қазақстандық боксшы "Странджа" турнирінің жартылай финалына өтті
Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінде жартылай финалға өткен боксшылар анықталды. Қазақстан құрамасы сапынан ширек финалда алты боксшы бақ сынауда деп жазады Olympic.kz.