Театр • 18 Ақпан, 2019
Қоғамдағы құндылықтардың өзгерісі, тіпті кеше ғана құрметтеп келген қарапайым түсініктердің заматта өңі айналып, орнын басқа ұғымдар алмастыра бастағанын күнделікті өмірде сезіну бір басқа да, театр сахнасынан көзбе-көз көру тым қорқынышты. Күн сайын қорланып жататын қазақ тілінің қорғансыз мүшкіл халі мен ұстаз деген ең аяулы мамандық иесінің құлдырап кеткен беделінің ортасында белден басылған қоғамның біршама шындығы жинақталған қойылым «қайда кетіп барамыз?» деген сұрақты көлденең тартады.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2019
Фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті
Елбасы жуырда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесіп, олардың жетістіктерімен танысқан еді. Сол жеңімпаздардың бірі Назгүл КЕНЖЕТАЙ – халықаралық әскери журналистика өкілі. Қызылорда қаласында орта мектепті тәмамдап, Түркияда білімін жалғастырған жас маман Таяу Шығыстағы соғыс ошақтарына барып, әлемдік қақтығыстардың фотодеректер қорын тың туындылармен толықтыра түскен. Фотосуреттері әлемнің беделді басылымдарында жарияланып жүрген журналистика магистранты елімізге жоғарыда аталған айтулы шараға келу сапарында ұлт баспасөзінің қарашаңырағы – «Egemen Qazaqstan» басылымының редакциясына бас сұғып, қызметінің қыр-сырымен, болашақ жоспарымен бөліскен еді.
Мезгіл жаз айы. Шіліңгір шілде. Күн ысып тұр. Жайық пен Шаған өзендерінің қиылысқан жерінде суға шомылушылар көп. Бұл тұстың асты да, жағасы құмайт. Ағысы бәсең. Жағажайы да үлкен-кішінің түсуіне ыңғайлы. Бірден ағызып әкетпейді. Қиылыстың арғы жағы мен бергі жағы көкке бой созған зәулім бәйтеректер. Шіліктер мен жейделер. Сол демалушылардың бірі едім. Суға бір құлаштап жүзіп келдім де, жағажайға шығып, күнге сәл қыздырынып алғанды жөн көрдім. Ет бетімнен жатқан күйімде қалғып кетіппі. Бір кезде өз-өзімнен селк ете түсіп, басымды көтеріп отыра қалдым да шілік жаққа көз тастадым.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2019
Жетісу шаруалары 497, 5 млн теңге «Сыбаға» алды
Өткен жылы Алматы облысының мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтарына 497,5 млн теңге несие берілген.
Теміржолшылар көпбалалы отбасыларға көмектесуде
Астана локомотивтерді пайдалану депосының қызметкерлері көпбалалы отбасылар үшін шамамен 500 мыңдай теңге жинады.