Үміт • 19 Ақпан, 2020
Алматыда 13 мың орынды 8 мектеп салынады
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуінде мектептегі орын тапшылығы мәселесі кеңінен айтылды. Әсіресе бұл проблема Алатау ауданындағы «Рахат» ықшамауданына тиесілі. Әкімнің айтуынша, оқу жылы басталғанға дейін 2021 жылы МЖӘ аясында 12 900 орынды 8 мектеп салу жоспарлануда. Бұл 8 мектептің біреуі «Рахат» ықшамауданында ашылады. 2020 жылдың өзінде оқу жылының басына қарай 1800 орынды 2 мектеп, қолданыстағы мектептерге 2017 орынды 5 қосымша құрылыс салынатын болады.
Қоғам • 19 Ақпан, 2020
Қаскөйлерге тосқауыл қойылатын болды
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне теңізде тез жүргіш 2 катер сыйға тарту етілді. Осылайша күннің ыстығы мен суығында табиғат қорғаушылардың қызмет етулеріне жағдай жасалды. Ал осындай мүмкіндік «Теңізшевройл» ЖШС келіссөздер жүргізудің нәтижесінде мүмкін болып отыр, деп хабарлайды Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі.
Қоғам • 19 Ақпан, 2020
Қазіргі кезде Ақтөбе аймағында есту мен сөйлеу қабілеттері қалыпты деңгейден төмен балаларды сауықтыру мен оңалтуға қатысты кешенді шаралар шоғыры жүзеге асып келеді.Ақтөбе облыстық білім басқармасынан алынған деректе өңірде ерекше білім беруді қажет ететін 6370 бала бар екені көрсетілген. Сондықтан да осы санаттағы қоғамның жас мүшелері мен ата аналарына тегін кәсіби көмек көрсететін арнайы білім мамандарына деген сұраныс жылдан-жылға өсе түсуде.
Экономика • 19 Ақпан, 2020
Алматы облысында 50 700 адам баспана кезегінде тұр
Алматы облысында өткен жылы 894 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық болғанымен, баспанаға мұқтаж жандардың үлесін азайтуға мүмкіндік бермей отыр. Қазір тұрғын үй кезегінде 50 700 адам тұр екен.
Әлем • 19 Ақпан, 2020
Xiaomi ауаны бақылауында ұстайтын «ақылды» маска жасайды
Бұл болашақ үшін таптырмас гаджетке айналар еді. Коронавирус шыққалы бері маска дегеніңіз тапшы тауарға айналғанын білеміз. 91mobiles.com порталының хабарлауынша, Қытайда бұл өте өзекті мәселе болғандықтан Xiaomi компаниясы «ақылды» масканы шығаруды қолға алмақшы екен.