Аймақтар • 18 Ақпан, 2019
Қыран құсты қадірлейтін Қызылтау
Жақында Баянауыл ауданының әкімі Оразкелді Қайыргелдинов Қызылтау ауылдық аумағы тұрғындарымен кездесті. Ж.Аймауытов атындағы ауылдың төбесінен су ағатын мәдениет үйін, көшелерін, тас жолдарын жөндеуге, ауыл клубына жылу жүйесін өткізуге, спорт зал салуға, балалар алаңын жасауға, су құбырларын салуға, көшелерді жарықтандыруға, балаларға күреске арналған киім алып беруге уәде берді.
Қорғаныс саласына қажетті өнімдердің көрмесі өтті
Астанада қорғаныс саласына қажетті өнімдердің көрмесі өтті. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен өткен шарада еліміздегі түрлі кәсіпорындар мен компаниялар өз өнімдерін ұсынды.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2019
Өткен тәулікте 29 мың текше метрден астам қар жиналды
17 ақпан қаланы қардан тазалауға 281 жұмыскер шықты. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2019
Ашаң жүзді, қағілез, денелі, бұлшық еттері бұлт-бұлт ойнаған жігіт бұл жолғы бәсекенің жөні бөлек екенін іштей сезеді. Ташкент қаласына сайдың тасындай іріктеліп келген желмен жарысқан желаяқтардың қай-қайсысы болсын Орталық Азия чемпионы тәжінен дәмелі. Жүзіктің көзіндей жұтынып тұрған қимылы Қазақстанның намысын арқалай келген Алмастың нағыз бабында екенін аңғартқандай. Төреші белгі беруі мұң екен, қазақстандық жеңіл атлетші жемтігіне ұмтылған тағы аңша шиыршық атты.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2019
Исламдық қаржы жүйесінің тиімділігі зор
Таяуда «Астана» халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби білім беру бюросы қаржы саласы бойынша арнайы курстар өткізіп, сынақтан сүрінбей өткендерге тиісті сертификат тапсырған болатын. Қаржы орталығы сертификатының беделі өте жоғары саналады, себебі ол халықаралық деңгейдегі білікті маман атануға жол ашады.