Қытайдың әдебиет нарығы (Бейжіңдегі жас қаламгермен әңгіме)
Еркебұлан Мүтәнұлы Қытайдағы оқырманы өте көп жас жазушылардың қатарындағы азамат. Бейжіңдегі Орталық Ұлттар университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алыпты. «Қазіргі заман қазақ тілі» мамандығының магистры. Қытай орталық телеарнасының (CCTV) интернетте ақпарат тарату орталығының қазақша бөлімінде редактор болып қызмет істейді. 1988 жылы Іле Қазақ автономиялы облысының Күнес ауданына қарасты Кеңсу ауылында дүниеге келген өзіміздің қарадомалақ екен. Біз осы сұхбатта қытай әдебиетінің қазіргі жай-күйі, баспа ісі, қаламақы, аударма саласы, қазақ әдебиетінің Қытайдағы орны, ондағы қазақ оқырмандарының бізден кімдерді жақсы танып, жастана оқитыны және өзінің де танымалдыққа жетудегі жолдары жайында кеңірек әңгіме өрбіттік.