Қазақстан • 30 Қараша, 2021
Ерлікті дәріптейтін ескерткіштер жинақталған Қарулы Күштердің Әскери-тарихи музейіне – 6 жыл
Музейді 2015 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев ашқан болатын. Ол 1998 жылы Елбасының сәулеттік идеясы негізінде салынған ғимаратта орналасқан.
Білім • 30 Қараша, 2021
Еліміздің Білім және ғылым министрлігі еңбек нарығында қажеттілігі мүлдем аз 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатып, керісінше оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар негізінде жаңа білім беру бағдарламалары енгізілетінін хабарлады. Бұл еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмысын еңбек нарығына сай, жұмыс берушілердің ұсыныстары мен сұраныстарын ескере отырып реттеуге бағытталған тиімді қадам. Өйткені техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары мен оқытылатын мамандықтарды жұмыс берушілердің заманауи сұраныстарына сәйкестендіру бүгінгі күннің басты мәселесіне айналды.
Аймақтар • 30 Қараша, 2021
Қазыналы өңірде қуатты серпін бар
Орталық коммуникациялар қызметі алаңқайында «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Қарағанды облысының дамуы туралы» тақырыбы бойынша өткен баспасөз мәслихатында өңір басшысы Жеңіс Қасымбек баяндама жасап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Пікір • 30 Қараша, 2021
Елбасының еңбегі қандай құрметке де лайық
«Санасы жоғары адамдар идея талқылайды, санасы орта адамдар оқиғаларды талқылайды, санасы төмен адамдар адамдарды талқылайды» дейміз. Елімнің тағдыры – менің де тағдырым деп білетін барлық қазақстандық патриоттар секілді мен де жан-жағымдағы болып жатқан жайттарға бейжай қарай алмаймын. Ойымды айтып, көзқарасымды білдіріп жүремін. Қоғамда қанша адам болса, сонша пікір болады. Осы тұрғыдан алғанда, мен үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының орны қашанда бөлек.
Елбасы • 30 Қараша, 2021
Тұңғыш Президент һәм Тәуелсіздік
Заманымыздың ірі реформаторларының бірі Ли Куан Ю еліміз Тәуелсіздігін алмай тұрып-ақ, «Президент Назарбаев – кеңестік саясаттағы жарық жұлдыз, түрлі республикалар арасындағы ірі тұлға. Қазақстанның 50 жастағы лидері – белгілі деңгейде қатал, тәжірибелі, жедел шешім қабылдай алатын адам.