Кәсіпқой бокс • 30 Қараша, 2020
Кейінгі жылдары әлемдік спорт жұлдыздары шоу бәсекелерін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды. Бұрындары тек атақты футболшылар карьерасын аяқтау мақсатында әріптестерімен достық ойындарын өткізіп жүрсе, енді бұл қатарға кәсіпқой боксшылар да қосылды. Мәселен, 2017 жылы кіші америкалық Флойд Мейвезер мен аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор жанкүйерлерге шоу ұйымдастырған болатын.
Елорда • 30 Қараша, 2020
Ақылды жобалар – қолайлы қозғалыс кепілі
Жол-көлік оқиғаларының деректеріне сәйкес, Алаш тасжолы мен Уәлиханов көшесі және Сейфуллин көшесі мен Уәлиханов көшелері қиылыстары жол-көлік оқиғалары жиі болады. Сейфуллин көшесі мен Уәлиханов көшесі қиылысындағы сол жақ бұрылыстарға тыйым салу және екі қиылыста да маршруттық автобустар үшін бөлінген бұрылысты енгізу, сондай-ақ диагональды жаяу жүргіншілер өткелін жайластыру туралы шешім қабылданды.
Медицина • 30 Қараша, 2020
Медицина саласына тың серпін береді
Бүгінде коронавирус індетінің алдын алу үшін елімізде тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар қауіпті індетке қарсы отандық вакцина шығару қазіргі кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Бұл орайда қазір Жамбыл облысында Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының жанындағы отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Кино • 30 Қараша, 2020
DISNEY-дің тағы бір фильмі – қазақ тілінде
Disney студиясының қазақ тіліне дубляждаған «Мулан» анимациялық фильмінің премьерасы 17 желтоқсанда өтеді. Айта кетейік, бұл – отандық кинопрокат мемлекеттік тілде шығатын 35-ші кинотуынды.
Елорда • 30 Қараша, 2020
Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік ұдайы қадағаланады
Әлемді әуреге салған індет көптеген жағдайға өзгерістер енгізгені белгілі. Адамдардың қимыл-қозғалысы мен жүріс-тұрысына шектеу қойылып қана қоймай, қоғамдық көліктердің де қатынасы айтарлықтай азайды. Осы ретте аталған мәселе бойынша елордадағы ахуалға тоқталып өтсек дейміз.