Сенат • 25 Қазан, 2025
Парламент Сенатында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған палата депутаттары мен аппарат қызметкерлері қатысты.
Республика күні • 25 Қазан, 2025
Егемендік ел тағдырындағы ең қастерлі құндылық десек, еркіндік лебі ескен еңселі кезеңнің салмағын қуаттайтын құнды құжат қабылданған сәт тарихымызда алтын әріппен әдіптелгені шүбәсіз. Ғасырлап күткен асыл арман арнасын тапқан мерейлі мезетке бүгінгі күн биігінен көз тастағанда, сондағы әсер мерзімді баспасөздің сарғайған парағында сайрап жатыр. Бүгінгі мақаламызда тәуелсіздік қарсаңындағы уақыт ауанын, халық жүрегінің лүпілін тамыршыдай тап басқан газет-журнал беттерінен, тарихи оқиғаға куә болған, қызу үдерістің бел ортасынан табылған тұлғалардың естелігінен іздемекпіз.
Пікір • 25 Қазан, 2025
Республика күні – тарихымыз бен тағдырымызды айғақтайтын, ардағымыз бен арманымызды тұтастандыратын күн. Президент Қ.К.Тоқаев осы айтулы күнді «халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдейтін айшықты мереке» деп сипаттады. Оның астарында ұлтымыздың айбарлы да күрделі бел-белесі, алмасқан дәуірлер аясында қазақ еліне негіз болған мемлекеттік құрылымдар, «мың өліп, мың тірілген» құбылыстар мен серпілістер тұр.
Президент • 25 Қазан, 2025
Дербес ел болуға жол ашқан қастерлі күн
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ақордада Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысы сөзінің басында отандастарымызды еліміздің ең басты мерекесі – Республика күнімен құттықтады.
Президент • 25 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы
Қымбатты отандастар! Республика күні құтты болсын! Қазақстан осыдан 35 жыл бұрын Егемендік декларациясын қабылдап, жаңа дәуірге қадам басты. Тарихи құжатта халқымыздың өз болашағын дербес айқындау құқығы нақты көрініс тапты. Сол арқылы бостандықтың байрағын көтеріп, заманауи мемлекет құруымызға жол ашылды.