Қоғам • 06 Қазан, 2020
Тұтынушылардың құқығын сотта үшінші рет қорғайды
Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері бүгінге дейін «Бек Эйр» компаниясы ақшасын қайтармаған азаматтардың мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.
Қоғам • 06 Қазан, 2020
Қос азаматтық алғандар алаяқ па?
Қостанай облысында жыл басынан бері қос азаматтығы бар 300-ден астам азамат анықталған. «Екі жеп биге шыққан» ептілердің біразы ондаған жылдар бойы екі мемлекеттен зейнетақы алып келген. Көші-қон департаментінің бастығы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, таяуда тағы 27 тұрғынның қос паспортпен жүргені әшкереленіп отыр.
Қоғам • 06 Қазан, 2020
Әлеуметтік медиация: Отбасылық жанжал балаға оңай тимейді
Әлемді әбігерге салған пандемия елімізге де кері ықпалын тигізбей қалған жоқ. Соның ішінде статистика бойынша карантин кезінде отбасылық зорлық-зомбылық елімізде 20 пайызға артқан көрінеді. Жақын туыстар арасында да түсініспеушіліктер мен ұрыс-керістер күрт көбейген. Осындай жағдайда отбасылық жанжалдарды бейбіт түрде шешу үшін және балалардың психологиясына кері әсер бермеуі үшін Қазақстанда медиация институтының әлеуетін дұрыс пайдалану қажеттігі байқалды.
Ең қысқа әңгіме • 06 Қазан, 2020
Майдангердің тағдыр тәлкегіне ұшырағаны аздай, нақақтан-нақақ жабылған жаланың жазықсыз құрбаны болып кете барғаны өте өкінішті. Қан майданда жанқиярлық ерлік көрсетіп, елге ауыр жараланып оралғанына қарамастан қоғамдық ортадан шеттетіліп, сенімсіздік көрсетілген соғыс ардагері Нұрбай Бәженов жайлы ұрпақтарының айтары аз емес.
Оқиға • 06 Қазан, 2020
Дәуқаралықтар да жеңіске үлес қосты
Миллиондаған адамның өмірін қиған, 1418 күнге созылған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына да 75 жыл толды. Ел шетіне жау тигенде, Отан қорғауға аттанған қазақ халқының азаматтары атақ-даңқын өшпестей етіп тарих бетінде қалдырды. Солардың ішінде Солтүстік Қазақстан (бұрынғы Көкшетау облысы) облысындағы Айыртау ауданына қарасты Дәуқара ауылының майдангерлері де бар. Бүгінгі бейбіт өмірімізге жол салған дәуқаралықтар 114 болатын, бірақ өкінішке қарай солардың жартысынан көбі, нақтылап айтқанда 74 адам майданда ерлікпен қаза тапты.