Оқиға • 06 Қазан, 2020
Кербұлақ ауданының Көксу ауылдық округіне қарасты Қосағаш ауылында 80 орындық мектеп ашылды.
Футбол • 06 Қазан, 2020
Өткен аптада футболдан Қазақстан чемпионатының 12-тур ойындары мәресіне жетті. Бұл тур «Астананың» сенсациялық жеңілісімен, «Ақтаудың» чемпионаттағы екінші жеңісімен және «Ордабасы» мен «Қайраттың» ұпай жоғалтуымен есте қалды. Бүгін осы және басқа да қызықты мәліметтер туралы сөз қозғаймыз.
Хоккей • 06 Қазан, 2020
СКА-ның тізе бүгетін сәті жетті
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барыс» клубы екі апталық карантиннен шығып, мұзайдынға оралды. Үзілістен кейінгі бірінші ойында Санкт-Петербургтің СКА клубын қабылдап, буллит сериясында басым түсті.
Руханият • 06 Қазан, 2020
Маңғыстаулық ақын Ғ.Әріптің «Алтын Орда – Қазақ Елі» атты жазбасы – Ұлы даланың бір құнды қазбасы екені даусыз. Әуелі автор туралы айтайық. Мен Ғалымды жас кезінен, әп деп поэзияға қадам жасай бастаған кезінен білемін. Оның алғашқы қарлығаш өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде, тіпті кейде республикалық баспасөз беттерінде жылт беріп көріне бастағанда болашағынан үлкен үміт күттірген талапкер екенін сезгенмін. Оның «Қазақ тілі – қанатым», «Жер мен ел», «Рух», «Сүйінқара серті», «Қазақ болу», «Қазақ қандай халық?», «Перзенттік парыз», «Адамзатты ізгілендіру», «Түбі бір түркі жұрты», «Ұлы дала ұлағаты», «Қазақ – менің ұраным!»,«Лондон лирикалары», «Бибігүл», «Жаһандану жайлы жыр», «Цунами немесе адамзатқа ескерту», «Ақын арманы(азабы)», «Ақырзаман», т.б. толып жатқан толғау, поэма, дастан, балладалары, прозалық, драмалық, публицистикалық шығармаларымен зерделі суреткер, ұлт қамын жеген озық ойлы азамат ретінде танылды.
Технология • 06 Қазан, 2020
«Монополист» базасы мүмкіндіктерді кеңейтеді
Цифрлы даму дәуірінде уақыт жаңа технологияларды ұстануды талап етеді. Қазақстанның ақпараттық технологиялар саласындағы барлық жаңалықтан қалыс қалмауға тырысатыны құпия емес. Бұл арада тариф белгілеуді бақылау сияқты мемлекеттік реттеудің әлеуметтік маңызы бар саласы да шетте қалып қоймасы анық.