Таным • 08 Қазан, 2020
Құсмұрын – сулы, нулы, көрікті тарихи мекен. Оның атауы көлемі жағынан Қазақстандағы ірі су бассейініне жататын Құсмұрын көлінің атауына байланысты қалыптасқан. Құсмұрынға Обаған өзені құлап, одан қайта ағып шығады. Мұндай көрініс Қазақстанда Зайсанға құйып, қайта шығатын Ертіс өзеніне де тән. Көлдің маңында қоңыр көмірдің мол қоры да бар.
Әлем • 08 Қазан, 2020
Еуропа университеттері көбірек қаржы бөлуді қажет етеді
«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Бүгінгі нөмірде оқырмандар назарына екі мақала ұсынып отырмыз. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымын атқарған Шаши Тарур мақаласында пандемия салдарынан БҰҰ-ның қызметіне орасан нұқсан келгеніне тоқталады. Автор әлем елдерінің жаһандық мүддеден ұлттық мүддені жоғары қойғанына қынжылыс білдіріп, ұйымды реформалау кезек күттірмейтін мәселе екеніне екпін береді. Еуропалық парламенттегі Испания делегациясының басшысы Луис Гарикано бүгінгі мақаласында «Брекситтен» кейінгі Еуропалық одақтағы білім саласының жай-күйі туралы сөз қозғайды. Оның пайымдауынша, жаһандық деңгейге шығу үшін университеттердегі ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Осы орайда, автордың мақаласы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауда «Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса, нұр үстіне нұр болар еді», деген сөзімен үндес шығып отырғанын атап өткен жөн.
Пікір • 08 Қазан, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Абай аманаты» атты мақаласында ұлтымыздың тұңғыш лингвист ғалымы Құдайберген Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің тұңғыш классигі» мақаласына сілтеме жасайды.
Таным • 08 Қазан, 2020
Ежелгі ескерткіштерге бай Атырау – Каспий ойпаты көне заманнан Еуропа мен Азияны жалғастырған жол тораптарының бойында орналасқан. Бұл өлкені адамдар мыңдаған жыл бұрынғы мезолит, неолит (жаңа тас) заманынан мекендей бастағаны тарихи деректерде дәлелденіп отыр. Каспий теңізі жағалауының тылсым табиғаты көне заманан бұл аймаққа адамдардың жаппай қоныстануына себеп болған.
Парламент • 08 Қазан, 2020
Теңіз тасымалына тың серпін керек
Кеше Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттардың бастамасымен әзірленген электр энергетикасына қатысты заң жобасы мақұлданды.