Президент • Бүгін, 10:45
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпкер • Бүгін, 10:28
«Даму қоры» шалғай өңірлердегі бизнеске қолдауды күшейтеді
«Даму қоры» шалғай елді мекендердегі кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін қолжетімді ету мақсатында мобильді фронт-офистер жұмысын бастайды. Жоба Үкіметтің қолдауымен, Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті қолдау шараларымен кеңінен қамту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • Бүгін, 10:24
Парламентте Халық кеңесі туралы заң жобасы қаралады
Бүгін Парламент қарауына «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • Бүгін, 10:20
Дональд Трамп Иранмен келісімге келу үшін әскери операцияны тоқтатты
АҚШ президенті Дональд Трамп Ормұз бұғазы арқылы кемелерді алып жүру операциясы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім Иранмен келіссөздердегі «елеулі ілгерілеуге» байланысты қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • Бүгін, 10:12
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткен жылыту маусымының қорытындысы мен алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды. Жиында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, KEGOC компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов, «Самұрық-Энерго» компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.