Спорт • 03 Ақпан, 2026
2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды
Азия Олимпиадалық кеңесі 2029 жылы қысқы Азия ойындары Алматы қаласында ұйымдастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретіндер саны артты
Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін мүшелерін донорлыққа қалдыруға келісім беретін азаматтардың қатары артып келеді. Өткен жылы 13 мыңға жуық адам тиісті рұқсатын рәсімдеген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда үштен бірге жоғары көрсеткіш. Құқықтық статистика орталығының мәліметінше, жақындарының мүшесін мұқтаж жандарға беруге келісетін отбасылардың да саны өсіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Ақпан, 2026
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді
Бүгін сағат 16:00-де еліміздегі саяси жаңғырудың маңызды кезеңі − Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 03 Ақпан, 2026
Футболдан Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды
Халықаралық футбол федерациясы наурыз айында өтетін FIFA Series-2026 турнирінің кестесін бекітті. Шағын турнир 25-28 наурыз күндері елордадағы Астана арена стадионында ұйымдастырылады. Ұлттық құрама Комор аралдары құрамасына қарсы ойнайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Ақпан, 2026
Іздеу жарияланған атыраулық күдіктінің 5 баласы мемлекет қарауына алынды
Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында тұратын ерлі-зайыптының өліміне байланысты 29 жастағы жігітке іздеу жарияланған еді. Енді оның 5 баласы мемлекеттік мекемелерге орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.