Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қазақстан спортшылары Өзбекстанда өз таңдауын жасады
Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде өтіп жатқан республикалық референдумда Қазақстанның спортшылары дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
ТҮРКПА байқаушылары: Қазақстан халқы белсенді дауыс беріп жатыр
Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) байқаушылары референдумдағы дауыс беру үдерісіне қатысты пікір білдірді, деп жазды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Алматы облысының тұрғындары референдум учаскесіне мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде келді
Алматы облысы Іле ауданындағы №42 сайлау учаскесіне әйгілі «Аңдар шаһары» мультфильмінің кейіпкерлері – батыл қоян-полицей Джуди Хопс пен тапқыр түлкі Ник Уайлдтың костюмдерін киген екі тұрғын келіп, таңдау жасады. Мультфильм кейіпкерлері референдум учаскесіндегі көптің көңілін көтеріп кетті, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Хандар мен билердің таңдауы: Жетісайдағы референдумның ерекше қонақтары
Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қостанай тұрғыны туған күнінде дауыс берді
Қостанай облысының тұрғындары Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтіп жатқан референдумге ерекше ықыласпен қатысып жатыр. Өздері тіркелген учаскеге біреулер Қыдыр ата кейпінде келсе, кейбір азаматтар бала-шағасымен бірге бүкіл әулетімен ұлттық киіммен келіп дауыс беріп кетіп жатыр. Осылайша, ел тағдыры таразыға түскен маңызды саяси науқан көп жерде мерекелік сипат алып жатыр десек болады, деп жазады Egemen.kz.