Саясат • 28 Наурыз, 2026
Ел тәжірибесінің елеулі деңгейі
Францияның Страсбург қаласында Еуропа Кеңесінің GRECO-ның (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобы) 102-пленарлық отырысы өтті. Жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс барысын таныстырды.
Саясат • 28 Наурыз, 2026
Сенімге негізделген стратегиялық серіктестік
Еліміздің ЕАЭО төрағалығы шеңберінде Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Еуразиялық интеграцияны дамытуға қатысты, оның ішінде өнеркәсіп кооперациясы, технологиялық даму, кедендік реттеу, экономикалық тұрақтылық, цифрлық трансформация, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және басқа да мәселелердің кең ауқымы қаралды.
Саясат • 28 Наурыз, 2026
Алатаудың айрықша мәртебесі қандай болмақ?
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заңының жобасы екінші оқылымда қаралды.
Театр • 27 Наурыз, 2026
Театр – адамзат өркениетінің ең терең тамырынан нәр алған, уақытпен бірге жасайтын өнер. Ол – қоғамның айнасы ғана емес, оның жан дүниесін тербейтін, рухын жаңғыртатын қасиетті кеңістік. 27 наурыз – Халықаралық театр күні – осы киелі өнерге бас иіп, сахнаға ғұмырын арнаған жандардың еңбегін ұлықтайтын айрықша сәт.
Саясат • 27 Наурыз, 2026
Өңірде энергия тапшылығы болмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға сапары барысында өткен облыс жұртшылығымен кездесуде 70 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген Кентау жылу энергия орталығын жаңғыртуға қомақты қаржы бөлінгенін атап өтті. «Сондай-ақ тағы бір маңызды мәселе – облыста салынып жатқан бу-газ қондырғысының құрылысын тездету керек. Жұмыс созылып кетті. Үкіметке және «Самұрық-Қазынаға» осы мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырамын», деді Президент. Осы орайда Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді.