Мирас • 02 Сәуір, 2026
Ежелгі ғасырлардан сыр шертетін киелі Түркістан өңірінің әр тасы тарихқа толы, шежіреге бай. Мыңжылдықтардың куәсі болған көне қала топырағын аяғыңмен басып, тарихи орындарын көзбен көрудің әсері, әрине, тым бөлек. Жуырда «Балуан тас сапары» экспедициясымен елорда әуежайынан он бір адам бортқа отырып, Шымкент шаһарына бет алдық. Қазақ халқының айрықша күш туралы дәстүрлі түсінігін жаңаша зерделеуге бағытталған жоба Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақ күшінің картасы» аясында жүзеге асып отыр. Бірнеше күнге созылған сапар барысында Сайрам, Ордабасы, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сауран аудандарын аралап, тарихи нүктелерге табан тіредік.
Әдебиет • 02 Сәуір, 2026
Қазіргі романды қолдаған сыйлық
Қадау-қадау ғасырларда қазақ руханиятына пейілі түскен бай-бағландар аз болмаған. Солардың бірегейі – Есенқұл бай Маманов осыдан 111 жыл бұрын қазақ романына қазіргі теңгемен есептегенде 33 миллион жүлде тіккені айна-қатесіз болмаса да, бүгінде қайыра жаңғырып отыр. Демек, осы күнгі қалталылар да ұлт руханияты жолында аянып жатқан жоқ. Мыңдап саналмаса да, Есенқұл байдан үлгі алғандар бар.
Таным • 02 Сәуір, 2026
Биылғы айтулы оқиғаның бірі – 1896 жылы Хельсинки қаласында «Фин-угор» қоғамы редакция алқасының (Suomalais-ugrilaisen seuran toimituksia) шешімімен Финляндия әдеби қоғам баспасынан (Lmprimerie de la societe de literature finnoise) Вильгельм Томсонның «Орхон жазбалары» («Inscriptions de l’Orkhon») атты құнды кітабы жарық көруі. Бұл туындыға биыл 130 жыл толып отыр.
Білім • 02 Сәуір, 2026
Тіл тазалығы ой тазалығынан басталады
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік универсиеті теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Балгенже Қарағұлова жастардың сөйлеу мәдениетінің жылма-жыл төмендеп бара жатқанына алаңдайды.
Сұхбат • 02 Сәуір, 2026
Юрген Боос: Қазақстан Франкфурт кітап көрмесіне қонақ болуға лайық
Әлемдік кітап индустриясының ең ірі әрі беделді алаңы саналатын Франкфурт халықаралық кітап көрмесі жыл сайын мыңдаған баспагер, жазушы, әдеби агент пен мәдени ұйымды бір ортаға жинайды. Кейінгі жылдары еліміз Франкфурт халықаралық кітап көрмесіне белсенді қатысып келеді. Жыл сайын елдің ұлттық стендтері ұйымдастырылып, баспагерлер мен әдеби ұйымдар шетелдік әріптестермен байланыс орнатып жатыр. Бұл көрмеге қатысу арқылы қазақ әдебиетін, мәдениетін әлемге таныстыру бағытында түрлі іс-шара өткізілді. Осы көрменің директоры Юрген Бооспен сұхбаттасып, әлемдік нарыққа шығу, аталған кітап көрмесінің маңызы туралы әңгімелестік.