Сайлау • 12 Сәуір, 2019
Халықты шоғырландыру процесіне серпін береді
Бәрімізге белгілі, 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жариялағаннан кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымына тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл оқиға біздің қоғамда үлкен серпіліс тудырды.
Сайлау • 12 Сәуір, 2019
Елбасы бастамалары жалғасын табуы керек
«Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың 9 маусымында болады деп жарияланған кезектен тыс президент сайлауына толықтай қолдау білдіреді.
Сайлау • 12 Сәуір, 2019
Ел өміріндегі аса елеулі кезең
Әлем назары тағы да Қазақстанда! Тәуелсіз еліміздің өмірінде ұлы өзгеріс, ұлағатты оқиғалар болып жатыр. Биліктің бейбіт жолмен ауысуы – әлем үлгі алатын ең үздік үлгі болды.
Сайлау • 12 Сәуір, 2019
Осындай жауапты іске жұмыла кірісейік
Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев теледидарда барша халыққа рахметін айтып, өз шешімімен Мемлекет басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді.
Қоғам • 12 Сәуір, 2019
Мұрат Жұрынов: Әділетсіздіктің үлкені – әрбір маманға өзіне лайық қызметін бермеу
Кезінде КСРО Ғылым академиясының президенті, академик А.П.Александров: «Қазақстан ғылымы Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында тұр» деп үлкен баға бергенін көпке дейін малданып келдік. Одан бері дүние түбегейлі өзгерді. Тәуелсіздіктің елең-алаңында ғылымды тоқыратпауға талпындық. Осы жылдар бедерінде де оны дамытуға аз қаражат салынған жоқ. Ғылымды экономикамен, өндіріспен ұштастыруға ұмтылып бақтық. Ғылым күні қарсаңында Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат ЖҰРЫНОВПЕН әңгімелескен едік. Әлбетте, ғалымдардың тыныс-тіршілігі, кеше ғана ҰҒА құзырында болған 45 ғылыми-зерттеу институтының бүгінгі ахуалы, мемлекеттің мүддесіне қызмет ететін ғылымның дипломатиялық рөлі сынды сауалдарды соңғы уақытта елімізде болып жатқан үлкен өзгерістер кейінгі сұхбатқа ысырды. Сондықтан да әңгіме ел шежіресінде орын алып жатқан тарихи оқиғалардан бастау алды.