Қоғам • 19 Сәуір, 2019
Коллекция жинауға құштар ғалым. Сан қырлы Сарыбаев туралы бір үзік сыр
Қазақ тіл білімінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті түрколог-ғалым Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шора Сарыбаевтың арамыздан кеткеніне де бір жылдың жүзі болып қалды.
Қоғам • 19 Сәуір, 2019
Жақсының жолы – жарық күн. Жақыны көп, жаттығы жоқ жақсының бірі, Қазақстанның құрметті журналисі, сексеннің сеңгіріне шыққан белгілі қаламгер Итен Қарымсақұлының есімі еліміздің көзі қарақты оқырман қауымына етене таныс. Бұл кісінің сирек кездесетін есімінің салмақты сыры бар. Азан шақырып қойған аты – Итемген. Отызыншы жылдары анасы алты құрсақ көтеріп, алтауын да жер қойнына беріпті. Жетінші болып дүниеге келген ұлды көрші-қолаң ырымдап ит бауырынан өткізіп, атын Итемген қойған екен. Ата-ананың көз жасын құрғатқан, үмітін жалғаған сол шақалақ бүгінде үлкен әулеттің ақсақалына, қазақ журналистикасының қадірлі қариясына айналды.
Қоғам • 19 Сәуір, 2019
Ғарыштық санаға бойлаған суретші
Қадым замандардан табиғат бағынған жаратылыс заңын бақылап, оған өз пайымымен бойлап, ой түйінін жасауға ұмтылу адам өмірінің мәніне айналған. Ғарыштың заңы ешқашан өзгермейді және ол мейлінше қатал. Жер бетіндегі тіршілік не ексең, соны орасың деген ұлы моральды үнсіз мойындап тұр. Жел тұрғызған адам дауылға тап болады. Адам жерге қарағаш егіп тұрып, одан алма не өрік жемісін күтпейді. Сол секілді жамандық жасауға бейім адам ізгіліктен үміттенбегені жөн. Ал күн секілді күліп тұрған жұмсақ жандар өзгенің жүрегіндегі мұзды ерітеді. Сондықтан, адамдар, айналаға сүйіспеншілікпен қараңдар, ғарышпен кіндіктес кеңістіктің заңдылығын бұзбаңдар!
Қоғам • 19 Сәуір, 2019
Жас театрдың тартуы – «Жібек саты»
Бір ғана «Севиль шаштаразы» көңілді операсымен әлемнің талғампаз тыңдарманын таңдай қақтырған италиялық композитор Джоаккино Россини есімі бүгінде опера театрларының бойтұмарына айналғандай. «Астана Опера» ұжымының да Россини мұрасына оқтын-оқтын орала беруінің басты себебі композитордың осы бір терең талғамында жатса керек.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2019
Теріскей өңірдің тартымдылығын арттыру керек
Солтүстік өңірге келген Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкіметтік жұмыс тобы бірқатар кездесулер ұйымдастырды.