Президент • 13 Маусым, 2019
Руханият • 13 Маусым, 2019
Елордада «K-Chopsticks: Connection» атты тағамға арналған корей таяқшалары қолданбалы өнерінің көрмесі осы халықтың мәдениетімен етене танысуға мүмкіндік берді.
Қоғам • 13 Маусым, 2019
Шаңырақ шайқалу – қазақ ұғымында ауыр қасірет. Мемлекет қауіпсіздігі мен елдің береке-бірлігіне қатер төнсе «шаңырақ шайқалды» дейміз. Шаңырақтың шайқала бастауын қарапайым жұрт байқамайды, көп жағдайда алданып қалады. Тіпті кейбіреулер «халқымызға жақсылық жасап жүрміз» деген ниетпен шаңырақ шайқалуына қызмет етіп жүргенін білмей қалуы ғажап емес.
Президент • 13 Маусым, 2019
Бейбіт күннің берекесі кетпегей
Қазақ халқы өзінің елдік мәселесін көшеде шешпеген. Әрине, туған елін, қасиетті жерін, Ана тілін, көк Туын ат үстінде жанкештілікпен қорғаған жауынгер халық екеніміз рас. Біз ертеңгі болашақ жас ұрпақтың арандап қалмауына алаңдаулымыз. Істі насырға шаптыру жақсылыққа апармайды, қайта жарға жығады. Ұсыныс, талап-тілектерді мәдениетті түрде айта білетін деңгейдеміз ғой. Арандап қалу аз ғана сәтте, ал азаттық алуға ата-бабаларымыз ғасырлар бойы тер төкті. Сол аманатқа қиянат жасап алмауымыз керек.
Президент • 13 Маусым, 2019
Елімізде Президент сайлауы науқаны аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы шығып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оның жеңісімен басқа бәсекелестері, алты бірдей кандидат шыққан қорытындымен келісіп, құттықтады.