Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Жаңа мүмкіндіктерге кең жол ашады
Бүгінде мемлекеттік қамқорлықтың арқасында медицина саласында айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Біз мұны өңірдің денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстардан көріп отырмыз.
Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Медициналық мекемелердің жабдықталуына 5,2 млрд теңге бөлінген
Соңғы жылдары Түркістан облысының денсаулық саласында оң өзгерістер байқалуда. Оған Шымкенттің республикалық маңызы бар қалалар санатына жатқызылып, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Түркістанға көшірілген әкімшілік-аумақтық құрылым өзгерісі оң әсерін тигізді. Мысалы, Түркістан өңірінде соңғы 7-8 жылдың көлемінде ірі емханалар салынбаған екен. Ал биыл Жетісай, Мырзакент, Атакент, Сайрам мен Кентауда құрылысы жүріп жатқан бес емхана ел игілігіне пайдалануға берілмек. Олардың әрбірі бір ауысымда 500 пациентке қызмет көрсетуге қауқарлы. Келесі жылы осындай емхана Шардара ауданында іске қосылады.
Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Ғұмыры ғибратқа толы абзал жандар аз емес. Атырау десе, қасиетті құм Нарын десе, алғашқылардың қатарында есімі аталатын Нариман Үлкенбаевтың та өмірі өнегеге толы болды. Еңбек жолын медицина саласынан бастағанымен, табиғат берген дарыны өнер әлеміне әкелген Нариман Үлкенбаевты ел Қазақстанның Мәдениет қайраткері, күйші-композитор, әнші, сөз зергері ретінде таныды. Сөйлесе – сөзге шешен, шырқаса – әні келіскен, төгілте тартса – күйі күмбірлеген, шабыттанса – қара өлеңнің қасиетін танытқан өнер иесінің артында мол мұра қалды.
Руханият • 18 Маусым, 2019
Бас шаһар жұртшылығы жыл сайын асыға күтетін «SAMGAU» халықаралық театр фестивалі биыл да өз салтанатымен шымылдық түрді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған ауқымды мәдени оқиға елорда күніне арналған мерекелік шаралар легінің көшін бастап тұр.
Руханият • 18 Маусым, 2019
Мұражай – өткен мен болашақты жалғастырушы
Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Өткеніңді танымай, келешегіңді болжау мүмкін емес» деген тұжырым бар.