Қазақстан • 20 Маусым, 2019
Отандық фарминдустрияға оң көзқарас қажет
Дәрі-дәрмек өнеркәсібі бүгінде мемлекеттің инновациялық және стратегиялық қауіпсіздігін айқындайтын негізгі жоғары технологиялық салалардың қатарына жатады. Әлемдегі ірі фармацевтикалық өндірістердің негізгі бөлігі АҚШ, Канада, Бразилия, Швейцария, Германия, Испания, Франция, Үндістан және Қытай мемлекеттерінде орналасқан. Соңғы уақытта Ресейде де фармацевтикалық өндірістің үлесі күрт өсті.
Қазақстан • 20 Маусым, 2019
Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Биылғы науқанның былтырғыдан қандай ерекшелігі бар? Талапкерлерді тосқан жаңалықтар нендей?
Қазақстан • 20 Маусым, 2019
Айбынды жастар – ертеңгі ел қорғаны
Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында Жастар жылының аясында бесінші «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Парламент депутаттары, Қарағанды облысы әкімдігінің басшылығы, Қарулы Күштердің ардагерлері мен шақырылған өзге де қонақтар қатысты.
Кино • 19 Маусым, 2019
«Ойыншықтар хикаясы 4» көрерменге жол тартады
«Аладдин» ертегісін қызықтап бола бергенімізде, «Болашақ» корпоративтік қоры кішкентай көрермендерді қуантатын тағы бір жаңалығымен сүйіншілеп отыр. 20 маусым күні талайды таңғалдырған «Ойыншықтар хикаясы 4» анимациялық фильмінің жалпы тұсаукесері өтпек. Бұл – «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған отызыншы фильм.
Туризм • 19 Маусым, 2019
Балқаш қаласында Қарағанды облыстық әкімдігі мен кәсіпкерлік басқармасының ұйымдастыруымен өткен форумға Ресейдің Түмен, Омбы қалаларынан, сондай-ақ Моңғолиядан туризм мамандары қатысты. Шетелдік қонақтар Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан келген мамандармен бірге курорттық аймақтағы жағажайлық демалыс орындарын аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.