Сұхбат • 24 Ақпан, 2026
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Еліміздің ырысына айналып отырған тіршілік көзінің басым көпшілігі – трансшекаралық өзендер. Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан АЛДАМЖАРОВПЕН сұхбатымыз су дипломатиясы төңірегінде өрбіді. Трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мен стратегиялық маңызы бар саланы қорғауда көрші елдермен ынтымақтастық жайын қаузадық.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2026
Төрт күн түтін басқан Өскеменнің өкпесі енді ашылғанымен, тұрғындардың тамағы қырып, әлі күрк-күрк жөтеліп жүр. Дегенмен дәрігерлер түтіннен тамақ күйген тұрғындар қабылдауға келмегенін айтады. Тіпті тамақ күю деген диагноздың қойылуы да сирек көрінеді. Күндердің күні экономика деп жүріп, экологиямызды құртып алмаймыз ба?
Шаруашылық • 24 Ақпан, 2026
Алып айдынның жағасында отырса да, балық өнімдеріне жарымаған Маңғыстау жұртшылығына қызыл балық таңсық асқа айналған. Тіпті оны заңсыз аулаймын деп істі болып жатқандар да аз емес.
Саясат • 24 Ақпан, 2026
Сенат депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары жалғасып жатыр. Олар ауыл-аймаққа жаңа Конституциядағы басым бағыттарды жан-жақты талдап, 15 наурызда өтетін референдумның маңызын түсіндірді.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Ұлттық қордың балаларға шарапаты
Балалар жылы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарламаны ұсынған еді. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы арнаулы есепшотына түсетінін білген жұртшылық бастаманы бірден қуана қабылдады.