Саясат • 27 Ақпан, 2026
Қауіпсіз еңбек жағдайлары ескерілді
Сенаторлар ауыл-аймақ халқымен кездесіп, жаңа Конституцияның негізгі ережелерінен түсіндіріп жатыр.
Ғалам ғажаптары • 27 Ақпан, 2026
Парижде таңдаушы талғамына сай әтір шығаратын студиялар бұрыннан бар. Енді сол үдеріске жасанды интеллект те қосылды.
Үкімет • 27 Ақпан, 2026
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары барысында Қарағанды облысы өңірінің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Сондай-ақ су басу қаупі бар Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет, Абай аудандарындағы негізгі гидротехникалық құрылыстар мен елді мекендердің жағдайын бағалады.
Саясат • 27 Ақпан, 2026
Конституция жобасының негізгі ережелерінен хабардар етті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропа Одағының Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Алешка Симкичпен кездесті. Палата спикері дипломатқа Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы айтып берді. Сондай-ақ кездесуде ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелері талқыланды.
Әдебиет • 26 Ақпан, 2026
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Ақиқат – бәріне бірдей жағатын нәрсе емес. Сондықтан оны тұспалдап өнер арқылы жеткізіп отырған. Әдебиет әлімдері мұны «Эзоптың тілі» деп айдарлаған. Қазақтың қара тілімен айтсақ, астарлап айту. Көне Грекияда өмір кешкен әлгі Эзоп адамдардың мінез кеселдерін хайуанаттардың харекеттері арқылы әжуалаған. Неге тіке айтпаған? Айта алмайды. Шүнки, ол – құл, оның үстіне тілі – мүкіс. Сондықтан айтатын сөзін алыстан орағытып, мысалмен жеткізеді. Кейде осындай «кедергілер» өнерді өткірлей түседі, жаңа форма іздеуге мәжбүрлейді. Тура айтылған шындық тез тозады, ал астармен айтылған ой уақытпен бірге жүріп, әр дәуірде қайта пайымдалады. Эзоп мысалдарының өміршең болатыны сондықтан. Ондағы аң мен құс сол замандағы адамдардың ғана емес, сіз бен біздің қазіргі бет-бейнемізді де дәл танытады. Алайда сатираның осынау жауынгер жанры бүгінгі әдебиетте лайықты көрініс таппай жүр.