Өндіріс • 12 Наурыз, 2026
Шыны зауытындағы бірегей жобалар
Өңірде отандық өндірістің әлеуеті тәй-тәйлап болсын, артып келеді. 2003 жылы іргесі қаланған шыны құрылыс зауыты бүгінде аймақтағы жетекші өндіріс орындарының біріне айналған. Зауыт көлік жасау мен тау-кен саласынан бастап, қарапайым құрылысқа дейін қолданылатын сан алуан шыны бұйымдарын шығарады. Заманауи жабдық пен білікті мамандардың арқасында мұнда тапсырысқа қарай бірегей жобалар да жүзеге асады.
Энергетика • 12 Наурыз, 2026
Энергетикалық қауіпсіздік – экономикалық тұрақтылық кепілі
Электр энергиясын өндіру көлемі 2019 жылғы 106 млрд кВт/сағаттан 2025 жылы 123,1 млрд кВт/сағатқа дейін өсіп, салада қарқынды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жеті жылда іске қосылған қуаттың жалпы көлемі Алматы қаласы мен Алматы облысының бір жарым жылдық тұтынатын электр энергиясына тең. Енді биыл өндіріс көлемін 126,5 млрд кВт/сағатқа дейін жеткізу межесі қойылған.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
Еңбек көші-қонында тәуекел көп
Қазіргі күнге дейін еліміз еңбек мигранттарын қабылдайтын ел ретінде танылса, кейінгі жылдары жағдай өзгеріп, еңбек күшін экспорттайтын мемлекетке айналды. Мамандардың айтуынша, бұл – қалыпты үрдіс. Алайда «Ел азаматтары өзге елдердегі лаңкестік топтардың құрығына түсіп қалмай ма?» деген алаңдаушылық та бар.
Пікір • 12 Наурыз, 2026
Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам
Ата заң жобасының жарияланып, бүкілхалықтық талқылауға ұсынылуы – ел болашағын айқындайтын тарихи уақиға. Бұл бастама тек құқықтық негізді жаңарту емес, мемлекеттік басқару жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған кешенді институционалдық реформа.
Зерде • 12 Наурыз, 2026
Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс
1896–1897 жылдары француздың археолог-этнографы, Париж географиялық қоғамының мүшесі барон Жозеф де Бай Ресейде зерттеу жұмысын жүргізді. Ол Қазан, Уфа, Перм, Екатеринбург, Түмен, Саратов, Мәскеу, сонымен қатар сол кездегі Ақмола облысының орталығы Омбыда болды. Осы сапары кезінде Жозеф тамаша фотосуреттерді таспалап, тарих қойнауында қалдырды. Соның ішінде қазақ тұрмысына қатысты оншақты сурет бар.