Пікірлер .
Қазақстанның жаһандық жауапкершілігі арта түсті
Жақында Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚШҰ) қол қойылғанына 25 жыл, ал осы келісім негізінде оның ұйым ретінде құрылғанына 15 жыл толғанына байланысты мерейтойлық сессия өтті. ҰҚШҰ-ның бас органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің осы алқалы жиынында еліміздің аталған аймақтық ұйымға келер жылы төрағалық ететіні белгілі болды.
07 Желтоқсан, 2017
Рухани келісім – орнықты дамудың негізі
Тәуелсіздігіміздің елең-алаңында, яғни осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын мемлекеттік деңгейде қабылданған шешімдер мен қолға алынған бастамалар өзінің өміршеңдігін көрсете отырып, қоғамымыздың игілігіне айнала білді. Әсіресе қоғамды рухани келісімге үндеген, татулық пен береке-бірлігімізді арттыруға бағытталған сауатты да салиқалы бастамалардың жөні бөлек.
24 Қазан, 2017
Ағарған сатар ағайын, адалдықтан аттама!
Бүгінгінің қазағы сабада сары қымыз сарқылған кезеңді артқа тастап, бабалар жолынан жаңылмай, осы бір ұлттық дәмімізді молынан тұтынуда. Соның нәтижесінде ұлттық брендтеріміздің бірі – қымыздың саудасы шағын және орта кәсіпкерліктің өміршең саласы ретінде дамып, экономикамыздың өркендеуіне өзіндік азды-көпті үлесін қосып отыр. Бұл үрдіс өз кезегінде халық денсаулығының жақсаруына оң ықпалын тигізетінін де қаперге алғанымыз жөн.
04 Тамыз, 2017
– Қымбатшылық асқынып тұр. Бәрінің де бағасы удай! – Неге олай? – Өйткені, ар-ұят арзандап, имандылықтың еңсесі еңкіш тартқан кезде материалдық қажеттіліктердің құны шарықтайтыны заңдылық. Бір танысыммен болған бұл шағын диалог мені әжептәуір ойландырып тастады...
25 Шілде, 2017
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан өзінің сыртқы саяси ерік-жігерін жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін күрделі саяси кикілжіңдерді реттеуге жұмсап келеді. Бүгінде еліміздің бұл бағыттағы ауқымды жұмыстарын әлемдік қоғамдастық ашық мойындайды.
13 Шілде, 2017
Әлемдегі ең ықпалды мемлекеттердің бірі, Еуропалық одақтың белді мүшесі Францияда алдағы 23 сәуірде президенттік сайлау өтеді. Елдегі бұл саяси науқан өз мәресіне жақындаған сайын үміткерлер арасындағы бәсеке де қыза түсті. Әзірге, президенттіктен үміткерлер – Марин Ле Пен мен Эммануэль Макронның өзге әріптестеріне қарағанда бәсі жоғарырақ болып тұр.
21 Сәуір, 2017
Бүгін біз қоғамымыздағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қатысты халықтың жалпылама көзқарасын аз-кем сөз етпекпіз. Сондықтан, аталған мәселеге байланысты статистикалық мәліметтерге жүгінбей, сандарды тізбелемей, тек өзіміз аралас-құралас жүрген ортаның, таныс-біліс кісілердің пікірлерін алға тарта отырып, өз пайымымызды білдірсек дедік.
26 Қаңтар, 2017