Оқи отырыңыз
Атырауда 1 маусымда карантин алынады
Баршаның қозғалысын шектеген карантин Атырауда 8 маусымға дейін созылған еді. Алайда, енді карантинді 1 маусымда сағат 00:00-де мерзімінен бұрын алып тастауға ұйғарым жасалып отыр. Осыған орай облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев арнайы қаулыға қол қойды. Ол бұл қаулыға қол қоярда соңғы жеті күнде Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының 7 пайыздан төмен тіркелуін негізге алыпты.
31 Мамыр, 2020
Зұлматты жылдардың зардабын көрген жандарды еске алу - келер ұрпақтың міндеті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы 5 сәуірде «31 мамыр - «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жалпыұлттық еске алу күні» ретінде атап өтуді бекіткен болатын. Басты мақсаты мұндай қасіреттің қайталанбасы үшін халқымыздың тарихты есте сақтап, болашақ ұрпақтың білуін қамтамасыз ету. Қатал да қасіретке толы бұл мейрам өткенді еске түсіріп, көзге жас ұялатады.
31 Мамыр, 2020
Мұрағат қорындағы өмір шындығы
Заңсыз қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығы басқармасының төрағасы Владимир Гриневтың жеке мұрағатынан алынған (504 қор) материалдар негізінде Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арнап виртуалды көрме өткізді.
31 Мамыр, 2020
Жыл сайын өртенетін қоқыс алаңы тағы да түтінге оранды. Өткен түнде сағат шамамен 3:30-да тұтанған жалын қоқыс алаңының 100 шаршы метр аумағын шарпыды. «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің мамандары өртті бүгін таңғы сағат 7:00-дің шамасында сөндірді.
31 Мамыр, 2020
Қасіреттің жансыз куәгерлері - архивтік құжаттар
Облыстық мемлекеттік архив басшысының орынбасары Қаншайым Мақажанованың мәліметінше, 1930-ыншы жылдардың басындағы ашаршылық нәубетіне қатысты айғақтар облыстық мемлекеттік архивінде 20-30- жылдарғы құжаттарында сақталған.
31 Мамыр, 2020
Covid-19: Тағы 184 адам жазылды
Бүгін елімізде коронавирус індетінен тағы 184 адам жазылып шықты.
31 Мамыр, 2020
Атырауда жоғалған бала жарты сағатта табылды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласында тоғыз жасар бала туысының үйінің ауласынан жоғалып кеткен.
31 Мамыр, 2020
Ұлттық кітапхана қоры құнды кітаппен толықты
Ұлттық академиялық кітапхананың қоржыны сирек кездесетін ерекше мазмұнды кітаппен толықты. Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Байменов кітапхана қорына құнды кітап сыйлады. Жануарлар әлемі туралы бұл энциклопедияны («Хаяту Хаяван») 14-ғасырда Мысыр ғалымы Абу Бака Камалуддин Мухаммед ибн Мұса Иса ибн Али «насх» каллиграфиялық жазумен жазған.
31 Мамыр, 2020
Тұтастай елімізде covid-19 індеті шарықтау шегіне жеткенімен, кейбір өңірлерде карантин тәртібінің сақталуы және блок-бекеттердің алынбауы –адамдардың дала төскейіне шығып, көкірек-сарайларын ашуына кедергі келтірді. Солай бола тұрса да өткен мамыр айының аяғында арнайы рұқсат қағазбен Самара-Шымкент халықаралық тас жолы арқылы Ақтөбеден Оралға дейін автокөлікпен жүріп өтудің сәті түсті.
31 Мамыр, 2020
Илон Маск: Crew Dragon-ның ұшырылуы мультипланеталық адамзатқа қадам
SpaceX басшысы Илон Маск NASA-дағы трансляция барысында ішінде ұшқышы бар Crew Dragon кораблінің ғарышқа ұшырылуын «адамдардың мультипланеталық түрге айналуы бағытында жасалған бірінші қадамы», - деп бағалады.
31 Мамыр, 2020
Covid-19: Қазақстанда тағы 2 адам қайтыс болды
Елімізде коронавирус инфекциясынан 2 адам көз жұмды. Олар: Шымкент қаласында - 1959 жылғы азамат, Павлодар облысында - 1966 жылғы азаматша.
31 Мамыр, 2020
Нұр-Сұлтан: Қонаев көшесі 11 маусымға дейін жартылай жабылды
Жүргізушілер кептелісте қалмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
31 Мамыр, 2020
Нұр-Сұлтандағы блок-бекеттер 1 маусымға қараған түні алынады
Нұр-Сұлтанда өткізу-бақылау бекеттері 1 маусымға қараған түні алынады. Тәулік бойы қала аумағында орналасқан блок бекеттерде полиция қызметкерлері, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, Ұлттық гвардияның өкілдері кезекшілік етті.
31 Мамыр, 2020
Маңғыстауда суреттер байқауы қорытындыланды
«Таза болса табиғат - аман болар адамзат» республикалық суреттер байқауының қорытындысы белгілі болды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі.
31 Мамыр, 2020
Сүндет Байғожин – Қызылорда облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне Сүндет Байғожин тағайындалды. Бұл туралы бүгін әкімдіктің ресми парақшасында хабарланды.
31 Мамыр, 2020
Мәскеу думабасы Шапошниковтың табысы бір жылда 79 есе өскен
Қалалық Дума төрағасы 2 млрд рубльге жуықтаған кірісін жария етті, - деп хабарлады РБК. Бұл оның кірісі бір жылда 79 есе өскендігін білдіретін көрсеткіш.
31 Мамыр, 2020
Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді
Алматы қаласынан шығысқа қарай 235 шақырым қашықтықта Алматы облысы аумағында жер сілкінді. Оқиға Нұр-Сұлтан уақытымен 11:57 шамасында орын алған.
31 Мамыр, 2020
Қарағанды: NIS түлегі UNIST грантын жеңіп алды
Кеншілер астанасындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (NIS) түлегі Жәния Смағұлова өзінің өміріндегі алғашқы ірі жеңістерінің біріне қол жеткізді. Дарынды жас Азияның үздік жоғары оқу орындары – Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және технология университеті мен Гонконгтегі Қытай университетінің толық грантына ие болды.
31 Мамыр, 2020
Louis Vuitton иесінің байлығы $100 млрд-тан асты
Жыл басынан бері Бернар Арно бірнеше рет әлемнің ең бай адамы атанды. Бірақ пандемия салдарынан жағдайы жиі ушығып отырды.
31 Мамыр, 2020
«Салық әмияны» мәліметтерді өңдеуге септеседі
eSalyq мобильді қосымшасындағы «Салық әмияны» қызметі салықты жылдам әрі тиімді толтыруға септесіп, бірқатар мәселені шешуге септесті. Бұл туралы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мамаев және аталған ведомствоның Мемлекеттік қызметтер департаменті дербес шоттарды әкімшілендіру және төлемдерді есепке алу басқармасының басшысы Динара Күшібаева айтып берді.
31 Мамыр, 2020