Редакция таңдауы
Талантты жастар халыққа таныстырылады
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларының жайы түсіндірілді. Бұл туралы брифинг барысында Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов хабарлады
20 Мамыр, 2021
Сиязбек Далиев – Еуропа чемпионы
Паралимпиада спорт түрлерінен Португалияда өтіп жатқан Еуропа ашық біріншілігінде қазақстандық Сиязбек Далиев чемпион атанды.
20 Мамыр, 2021
Бұл күндері Швейцарияның Лозанна қаласында садақ атудан Әлем кубогының кезеңдік сайысы өтуде.
20 Мамыр, 2021
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында саяси ұйымның өңірлердегі «қайта жаңғыруы» және Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы электораралық кезеңге қойған міндеттері туралы айтты.
20 Мамыр, 2021
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды онлайн қабылдады.
20 Мамыр, 2021
Аманда Горман АҚШ-тың келешек президенті ме?
Көпшілікке шығармашылығы арқылы танылып, кейінгі ғұмырын саяси қайраткерлікке ұластырған әйгілі адамдар аз емес. Қос тізгінді қатар ұстап, ақындығын да (жазушылығын да), қайраткерлігін де биік деңгейден түсірмей өткендер бар. Өмірінің соңына дейін мансабынан бір елі ажырамаған әйгілі ақын Гетенің өмірі де – бұған жарқын мысал. Біздің тарихта да мұндай мысалға өзек боларлық азаматтар көп-ақ. Осыншама, көп созғандағы айтпағымыз Аманда жайында еді. Осы күнге дейін Америкадағы елеусіз көп жас ақынның бірі ғана болған, бірақ президент Джо Байденнің ұлықтау рәсімінен соң атағы алты құрлықты кезіп жүре берген 23 жастағы Аманда жайында.
20 Мамыр, 2021
Қостанай облысының ветеринарлары Ұзынкөл ауданына қарасты Сатай ауылында 24 бас ірі қарадан бруцеллез анықтады. Жұқпалы дерт зертханалық талдау арқылы анықталғанымен, мал иелері мамандар шығарған шешімге сенбей отыр. Өйткені ауру анықтала салысымен, ауылда арзан мал іздеген бейтаныс кәсіпкерлер пайда болып, тұрғындардың күмәнін қоюлата түскен.
20 Мамыр, 2021
Өнер адамдарына ортақ прототип
Осы кино деген қалай пайда болды?.. Бұл әдебиетке де, театрға да, тіпті ешқандай өнерге қатысы жоқ екі француздың 1895 жылы ашқан жаңалығы. Содан бері әлемде түрлі тақырыптағы һәм түрлі деңгейдегі мың-миллион фильм түсірілді. Әлқисса.Кейінгі жылдары қазақ киносында белгілі бір деңгейде өзгеріс орнап, тың ізденістердің әсері сезіледі. Отандық режиссерлер қадари-халдерінше сапалы әрі мағыналы фильмдер түсіріп бағуда. Ал дәл қазір қандай кинокартина таспалап жатқанын режиссер, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Францияның әдебиет және өнер орденінің иегері Дәрежан Өмірбаевтан сұрап көрдік.
20 Мамыр, 2021
Табиғатқа кесірі тимейтін туризм Қазақстан Альпі клубының алғашқы қадамдары
Елімізде туризмді табыс көзіне айналдыруға қатысты көкейкесті мақсаттармен қатар, Қазақстанның таулы аймақтары, әсіресе Алматы тау бөктері идеологиялық және экономикалық шайқастардың орнына айналғаны қашан?! Табиғат қорғаушылар мен кәдімгі қарапайым азаматтар табиғи нысандарды экономикалық айналымға қосу үшін мемлекет пен бизнестің табиғи аумақтарда «заманауи қонақүйлер» мен «глемпингтер» салу әрекеттеріне наразылық білдіріп жүр.
20 Мамыр, 2021
Вакцина салдырған 104 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырғандар арасында 104 адам СOVID-19 жұқтырған. Бұл ретте ведомство өкілдері барлық пациент вирусты вакцинация кезеңінде жұқтырғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Мамыр, 2021
Отбасы құндылықтарын қайтсек сақтап қала аламыз?
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Халықаралық Отбасы күні қарсаңында «Егеменді елдің отбасы моделі» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті. Шара 13-14 мамырда ZOOM алаңы арқылы онлайн тікелей трансляцияда жүрді, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Мамыр, 2021
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус статистикасының неге өзгергенін түсіндірді
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың ресми статистикасының өзгеруін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Мамыр, 2021
«Баспана Хит» пен «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылады
Мемлекет несиелеу бағдарламаларын қаржыландыруды кезең-кезеңімен аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Мамыр, 2021
Алматыда оқушы қызды сабап кеткен әйелдердің бірі ұсталды
Алматы облысы Боралдай кентінде кәмелетке толмаған оқушы қызды ұрып-соққандардың бірі ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Мамыр, 2021
Бурабайда «Інжу» қонақүйі өртенді. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Мамыр, 2021
Солтүстік Қазақстанда суға шомылу маусымы басталып кетті
Солтүстік Қазақстан облысында күннің ысуына байланысты суға шомылу маусымы ерте басталды. Өзен-көл басында демалушылардың қарасы қалың, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Мамыр, 2021
Мәскеуде Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары арасында төбелес болды
Жанжал салтарынан алты адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Тағы тоғыз адам қосымша тергеу үшін полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
19 Мамыр, 2021
СҚО-да үй жануарлары арасында құтыру көбейіп барады
Солтүстік Қазақстан облысында үй жануарларының арасында құтыру көбейіп барады. 6 елді мекенде шектеу шаралары енгізілді, сондай-ақ жақын күндері тағы үш ауыл карантинге жабыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Мамыр, 2021
55 мың адам зейнетақы жинағы арқылы ипотекасын жапты
«Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, зейнетақы жинағын уақытынан бұрын алған 200 мың адамның 55 мыңы ипотекасын жапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Мамыр, 2021
Белгісіз біреу жолаушылар автобусына оқ жаудырды
Калифорниядағы Окленд қаласында белгісіз біреу жолаушылар автобусына оқ жаудырды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
19 Мамыр, 2021