Редакция таңдауы
Кез келген өнер туындысы – жан азабының жемісі. Бұл сіз бен біз ойлағандай бәкүн-шүкін шаруа емес, өте үлкен еңбек. Жан мен тәннің қақтығысы десе де болады. Дүниеге керағар көзқарас, тарих теңізін кешіп өту, жүрек толқынысын басу, уақытпен санасу, осының бәрі – шығармашылық процестің басты бағдары. Сіздің кеудеңізді жарып шыққан әрбір туынды сарқып берген көз жасыңыздай мөлдір де керім құбылыс.
05 Қазан, 2021
Жапырақ жамылған ежелгі адамдар заманынан бергі дүниежүзі тарихында небір киім үлгісі болғаны белгілі. Тіпті күн сайын жаңарып жатқан мың сан моданың бас-аяғын ешкім жіті қадағалай алып жатқан жоқ. Жалпы жер шарында жеті миллиард адам болса сонша түрлі талғам болатыны даусыз. Адам қиялымен бірге түрлене беретін киім дизайнына әркімнің көзқарасы әртүрлі болуы да заңдылық. Біреу үстіндегі жейдесінің бағасына мән берсе, біреу оның сапасына назар аударады. Ал тағы бірі оның ыңғайлылығына көп көңіл бөледі. Алайда бүгін біз жалпы киім үлгісі туралы емес, жекелеген тұлғалардың киім киісіндегі ерекшеліктер туралы, оның ішінде әлемді өзінің қиял жемісіне жібермей байлап келе жатқан, адамзат тарихындағы феномен тұлғаның бірі, әйгілі Applе брендінің негізін қалаушы – Стив Джобс туралы айтқымыз келеді.
05 Қазан, 2021
Жетісу өңіріндегі халық көтерілістері
Өткен ғасырдың 20-30-жылдарында Жетісу өңірінде болған халық көтерілістері ауқымды да, әлеуметтік жағынан күрделі еді. Большевиктік билік орныққан соң, бас көтерген халық наразылығына 1920-жылдардағы астық жинау отрядтары, 1928 жылдан екпінді жүргізілген астық пен мал дайындау науқандары, түрлі салықтар, тұқым қорын жинау, 1929 жылы басталған күштеп ұжымдастыру себеп болды.
05 Қазан, 2021
Әр тасы тұнған тарих, сырлы шежіре Әулиеата
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің бастамасымен өңірлерде «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы бастау алған болатын. Аталған экспедиция Жамбыл облысында да жалғасын тапты.
05 Қазан, 2021
НЬЮ-ЙОРК. Аптап ыстық, су тасқыны, құрғақшылық пен орман өрттері бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұр. Мұндай апаттар келешекте көбеймесе, кемімейді. Климаттың өзгеруін жоққа шығарушылар әлі де дегенінен қайтпай отырғанына қарамастан, шұғыл әрекет ету уақыт күттірмейтін мәселе екенін экологиялық белсенділер ғана емес, былайғы жұрт та түсінді. Мемлекет басшылары, халықаралық ұйымдар, тіпті бизнес пен қаржылық ұйымдар да бұған келіскен сыңайлы. Немесе солай көрінеді.
05 Қазан, 2021
Еңбек ерінің есімі ескерусіз қалмасын
Өткен ғасырдың орта шенінде бүкіл КСРО назарын Қазақстанға аударған тың және тыңайған жерлерді игеру ел тарихында мәңгілік өшпестей болып соқамен жазылып қалды. Дәуір науқаны кезінде Қазақстанда 25 млн гектар жайылым астық алқабына айналды. Соның 4 млн гектары Қостанай облысына тиесілі еді. Облыстың бүгінгі инфрақұрылымдық негізі де осы тың игеру науқанынан басталады. Бұл жылдары өңірде 140 кеңшар пайда болып, мыңдаған агронысандар бой көтерді.
05 Қазан, 2021
«ҚазАқпарат» агенттігінің басқарма төрағасы тағайындалды
Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 4 қазандағы бұйрығымен Елдос Наширали «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қазан, 2021
Қорғаныс министрлігі жарамсыз оқ-дәрілерді жоюға шешім қабылдады
Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов аппараттық кеңес өткізді. Кеңесте әскердің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қазан, 2021
Елордада автобустар қозғалыс кестесінен кешігіп жатыр
CTS компаниясының хабарлауынша, қоғамдық көліктердің қозғалыс кестесінен жаңылуына ауа райы әсер еткен, деп жазады Egemen.kz.
05 Қазан, 2021
Еуропада бірыңғай қуаттағыш қолданылады
Таяуда Еуропалық комиссия телефон және басқа да электронды құрылғылар шығаратын компанияларды бірыңғай қуаттағыш шығаруға міндеттейтін жаңа заң жобасын таныстырды. Құжатты ұсынушылардың айтуынша, мұндай қадам электронды құрылғылардан қалатын қоқысты азайтуға септігін тигізеді.
04 Қазан, 2021
Жолбарыс қалай жерсіндірілмек?
Ертеректе Көкше теңіз атаған Балқаш көлінің қамысты нуында жолбарыс жымы болғаны тарихтан белгілі. Өткен ғасырдың ортасына жетпей құрып біткен түз жыртқышы туралы көрнекті қазақ қаламгері Мұхтар Мағауиннің «Шақан шері» атты көркем шығармасы да оқырман қауымға кеңінен таныс. Міне, осы тарғыл аңның тұқымын қалпына келтіру туралы отандық жобаға халықаралық деңгейде көңіл бөлініп отыр.
04 Қазан, 2021
Өңірдегі коронавирус инфекциясымен күрес, вакциналау жағдайы туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов, облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина қалыптасып отырған жайдайды баяндап, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.
04 Қазан, 2021
Бағаның өсуіне жол бермеу керек
Nur Otan партиясы жанындағы Аграрлық секторды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтылды. Аталған Кеңестің төрағасы, Мәжіліс депутаты Берік Оспановтың айтуынша, Nur Otan партиясы өңірлерде азық-түлік қорларын қамтамасыз ету, тапшылық пен бағаның өсуіне жол бермеу мәселелерін бұған дейін де бірнеше рет көтерген.
04 Қазан, 2021
Футзалдан Балтық жағалауында орын тепкен Литва мемлекетінде өткен VIII әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жер-жаһан жанкүйерлерінің назарын өзіне аударған дүбірлі доп додасының бас жүлдесі үшін тартыс Аргентина мен Португалия арасында өрбісе, Бразилия мен Қазақстан құрамалары қола медаль үшін сайысқа түсті.
04 Қазан, 2021
Елордада Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібі апталығы аясында «Химиялық өнеркәсіптің жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбында конференция өтті. Оны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ұйымдастырды.
04 Қазан, 2021
Президент архивінің Маңғыстаудағы күндері
Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің бірлесе отырып ұйымдастыруымен «Руханижаңғыру: Ашық қоғамға – ашық архивтер» тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстелі өткізілді. Аталған шара Президент Архивінің Маңғыстау облысындағы күндері аясында ұйымдастырылды.
04 Қазан, 2021
Мемлекеттің мерейі мығымдығында болса, оның алғышарттарының бірі – қуатты өңірлер, дамыған қалалар. Тәуелсіздіктің 30 жылында Өскемен өндірісін өрлетіп, экономикасы мен руханиятын өркендете отырып, болашаққа нық қадам басты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев металлургтер қаласына ерекше ілтипат танытып, көптеген жобаны қаржыландырып, ірі нысандарды өз қолымен ашқан.
04 Қазан, 2021
Қостанай облысында жүк тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері сұйытылған газ бен дизелді отынның күн санап қымбаттап жатқанын айтып дабыл қағуда. Осыған орай, өңірлік коммуникациялар қызметінде құзырлы орындардың өкілдері журналистермен кездесіп, нарықтағы жағдайды түсіндірді.
04 Қазан, 2021
Үшінші мегаполис үш сценарийге де дайын
Оқу жылы басталғаннан бері Шымкент қаласында 487 бала COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның 146-ның сырқаттануы жазғы демалыс кезінде басталса, 341-і оффлайн сабақ кезінде ауру жұқтырған. Оқу жылының басынан бастап 100 мектепте 291 сыныпта, ал қазіргі таңда қаланың 84 мектебінде 189 сыныпта карантин белгіленген.
04 Қазан, 2021
Алматыда Ұлттық кітапханада өткен алқалы жиында елімізге белгілі тілші-ғалымдар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолдану аясын кеңейтуге байланысты түйткілді мәселелерді ортаға салды.
04 Қазан, 2021