Редакция таңдауы
«Үздік ғылыми қызметкер» 6 млн теңге алады
Қазақстанның 50 үздік ғалымы 6 млн теңгеден алады. Ақшалай сыйақылар «Үздік ғылыми қызметкер» республикалық байқауының жеңімпаздарына беріледі. Бұл – ғалымдарды қолдауға бағытталған алғашқы ауқымды сыйақы. Өтінім қабылдау 15 қарашада басталып, 15 желтоқсанда аяқталады.
18 Қараша, 2021
18 қараша – қандастарымыздың тағдыры шешілген күн. Бұл күн – еліміз үшін де, тәуелсіздік жылдары шекара асып келіп атажұртына қоныстанған қандастарымыз үшін де, Отанға оралудың сәт-сағатын күтіп отырған алыстағы ағайындар үшін де ұлы мереке!
18 Қараша, 2021
Тәуелсіздігіміздің жарқын жеңісі
Біздің мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізген күнімізге дейінгі саяси, құқықтық жағдайымызды бүгінгі жас ұрпақ біле бермейтіні белгілі. Тіпті сол жылдарды кейбір аға ұрпақ өкілдерінің өздері ұмытыңқырап бара жатқаны да жасырын емес. Мемлекеттік тәуелсіздік елімізге түбегейлі өзгерістер алып келді. Өзгерістер жасайтын мүмкіндіктер туды. Бірақ ол өзгерістер өз-өзінен бола қойған жоқ. Мәселе сол өзгерістерді қалай пайдалана алғанымызда.
18 Қараша, 2021
Ғылыми жетістіктер – Тәуелсіздік жемісі
Мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы аграрлық ғылым қазіргі кезеңде көптеген аяқталған әзірлемеге ие. Қазақстандық ғалымдардың мал шаруашылығы селекциясы мен технологиясындағы ғылыми жетістіктері айтарлықтай салмақты. Бұл олар құрған жоғары өнімді тұқымдарда, ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымішілік және зауыттық түрлерінде, ресурс үнемдеу технологияларында растау тапты.
18 Қараша, 2021
Құқықтық ақпаратты қалыптастырудың қазақстандық үлгісі
Тәуелсіздік жылдарында қалыптасып, елімізде қарқынды қызмет атқарып жатқан құқықтық институттардың бірі – Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті. Оның құрылу тарихы мен еліміздегі құқықтық реформаға ықпалы туралы осы Комитеттің төрағасы Сәбит Нұрлыбаймен сұхбаттасқан едік.
17 Қараша, 2021
Еліміз тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан бастап шет мемлекеттерде өмір сүріп жатқан қандастар көші атажұртқа ағылды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінде: «Шетелдегі қазақ диаспораларының сан мыңдаған өкілі елдегі экономикалық дағдарыс пен тұрмыстың төмендігіне қарамастан, тәуелсіз Қазақстанға ағыла бастады. Олардың арасында белгілі ғалымдар, жазушылар, әртістер, суретшілер, қоғам қайраткерлері бар еді» деп жазғандай, азаттықтың ақ таңымен бірге атамекенге бағыт алған қазыналы көшке биыл 30 жыл толып отыр.
17 Қараша, 2021
Тараздағы жойқын жел жиырмаға жуық ғимараттың шатырын ұшырды
Көне шаһар Тараз қаласында жойқын жел салдарынан жиырма шақты көпқабатты тұрғын үйдің, 16 мектеп пен бірнеше балабақшаның шатыры ұшқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2021
Биылғы 10 айда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс 10,6%-ға өскен
Сенатта балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті заңнамалық тұрғыдан реттеу, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қараша, 2021
Маңғыстауда 24 шенеунік жазаға тартылды
Маңғыстауда бірқатар мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметіне сілтеме жасап.
17 Қараша, 2021
«Алматы-Ташкент-Термез» трассасы жабылды
Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.
17 Қараша, 2021
Жұмыспен қамту жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
1 қарашадағы жағдай бойынша Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы (ЖҚЖК) аясында орташа жалақысы 92 мың теңгеден асатын 8,3 мың жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қараша, 2021
Армения мен Әзербайжан тағы қақтығысты
16 қарашада Армения мен Әзербайжан шекарасында ірі қақтығыс болды. Екі жақта да қаза тапқандар мен жараланғандар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2021
COVID-19-ға қарсы таблетка түріндегі дәрі шығарылмақ
Pfizer америкалық фармацевтика компаниясы БҰҰ қолдауымен Женевадағы дәрі-дәрмек патенттік пулымен COVID-19-ға қарсы таблетка шығару туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2021
Түрік телеарнасы «Томирис» фильмінің сюжеті бойынша сериал түсірмек
Қазақстан мен Түркия режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінің сюжеті бойынша бірлескен тарихи сериал түсіруге ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2021
300-ден астам жаңа жоба ұсынылды
Назарбаев зияткерлік мектептерінде 300-ден астам өнертабыс ғылыми жобалар конкурсына ұсынылды. Оның әрқайсысы – болашаққа деген ауқымды қадамдар. Дәстүр бойынша бүгінгі сұранысқа ие басымдықтар санатындағы экологиялық мәселелер, инклюзивті әзірлемелер және цифрлы креатив жас ғалымдардың үлкен қызығушылығын тудырды.
17 Қараша, 2021
Мұраты – қазақты әлемге таныту
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының тағы бір жеңімпазы – қазақ мәдениетін әлемдік ауқымда дәріптеуге үлес қосып жүрген отандасымыз Данияр Қожан. Еске сала кетейік, бұған дейін бірқатар басылым мен ақпарат агенттігі мұхиттың ар жағындағы АҚШ радиоларының бірінде қазақ тілінде бағдарлама ашылғанын жарыса хабарлаған-ды. Міне, осы бастаманы қолға алған, бүгінде АҚШ-та қазақтың музыкасын, мәдениетін насихаттайтын хабардың авторы бүгін біз сөз еткелі отырған Данияр Қожан.
17 Қараша, 2021
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «Қазақстан жастары – 2021» Ұлттық баяндамасының жобасын талқылады.
17 Қараша, 2021
Инвестиция – елді өркендету тетігі
Қазіргідей қаржы нарығы тұрақсыз кезеңде инвестор табу оңай емес. Оларға елімізде ыңғайлы жағдай да жасалуы керек. Павлодар облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, инвестиция тарту бойынша кешенді жоспар құрылған. Осы жылдың алғашқы жартысында өңірде негізгі капиталға 217 млрд теңге инвестиция құйылған.
17 Қараша, 2021
Елбасы ұсынысынан бастау алған ұйым
Биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Бастапқыда «Шанхай бестігі» ретінде іргетасын қалаған бірлестік қазіргі таңда әлемдегі беделді ұйымға айналды. Осы орайда, ШЫҰ-ның құрылуына тікелей ықпал еткен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екенін айта кеткен жөн.
17 Қараша, 2021
Жасанды интеллектінің әлеуметтік саладағы мүмкіндіктері
Бүгінде жасанды интеллектіні компаниялар қызметінде пайдалану мүмкіндіктері артып келеді. Әсіресе өнімдерді даярлау мен қызмет түрлерінде, сонымен қатар өнімдердің сипаттамасын арттырып, жаңа түрлерін әзірлеудегі ықпалы зор.
16 Қараша, 2021