Редакция таңдауы
Қазақстандықтар Наурыз мейрамында неше күн демалады?
Келесі аптада қазақстандықтар Наурыз мерекесін тойлайды. Ел тұрғындары бес күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Наурыз, 2022
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы сәуірде іске қосылмақ
ҚР ИИДМ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе отырып, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен Қазақстан азаматтарының жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөліктер сатып алу, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Наурыз, 2022
Ұлт ұстазы және Әулиекөл мектебі
Алаш ардағы Ахмет Байтұрсынұлының 1891-1895 жылдары Орынбордағы қазақ мұғалімдер мектебінде оқығаны белгілі. Бұл мектепті бітіріп шыққан түлектерге 6 жыл мұғалімдік қызмет атқару міндеті жүктелген екен.
17 Наурыз, 2022
108 елді мекенді су басу қаупі бар
Шығыста болуы ықтимал тасқынға дайындық тыңғылықты. Өзен суларының көтеріліп кетуінің алдын алу үшін наурыз айының басынан бастап Бұқтырма, Ертіс, Күршім, Үбі өзендерінде мұз жару профилактикалық жұмыстары басталды.
17 Наурыз, 2022
Қазақ кәмпитінің дәмі – тәтті, мұңы – ащы
Ұлттық статистика деректеріне сүйенсек, қазақстандық кондитерлер 2022 жылдың қаңтар айында 4,6 мың тонна тәтті өнім шығарған. Ал былтырғы осы айдағы көрсеткіш – 5,5 мың тонна, ал 2020 жылы 6,9 мың тонна болды. Басты себеп – шетелдік тәттілердің көптігі әрі арзандығы және ресейлік өндірушілердің демпингі.
16 Наурыз, 2022
Ару Алматыға көктем келгелі қашан, ал асқақ астанада әдетінше қытымыр қыстың көбесі сөгілген жоқ. Жалпы, бас шаһарға көктем келе ме өзі, әлде бірден жайдарлы жазға ауыса ма!? Сұлу қаланың сәуірде ғана суығы қайтып, кербездене түсетін секілді. Әйтсе де, көктемкөз бойжеткеннің, көңілі көкорай ағаның, кеудесі кеніш достың жүрегіне Наурыз кіргеннен-ақ көктем қоныстанып алады. Ал бұл сурет қысқы астана жайлы қысқа ғана әпсана!
16 Наурыз, 2022
Көміртегі бейтараптығы – қауіп емес, мүмкіндік
Көміртегі бейтараптығына көшу әлемдік трендке айналғалы қашан. Бұдан Қазақстан да сырт қалмақ емес. Өйткені бұл халықтың өмір сүру сапасын арттыратын айырықша фактор. Осы орайда Назарбаев Университетінің қызметкерлері, отандық және халықаралық (АҚШ, Италия) сарапшылар Қазақстанның көміртегі бейтараптығына көшуінің тиімді сценарийін дайындады. Ауқымды зерттеу Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен әзірленген. Зерттеу туралы бізге Назарбаев Университеті президентінің инновациялар жөніндегі кеңесшісі, ғылым докторы Қанат Байғарин айтып берді.
16 Наурыз, 2022
Қапшағайға Қонаевтың есімі берілуі мүмкін
Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті, деп жазды Egemen.kz.
16 Наурыз, 2022
Жолдауды іске асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізу қажет – Президент
Мемлекет басшысы Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Наурыз, 2022
Тоқаев: БАҚ бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Наурыз, 2022
Партияларды тіркеу рәсімдері жеңілдетіледі
Партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Наурыз, 2022
Президент Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Наурыз, 2022
Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды
1 наурыздағы жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 105 538 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Наурыз, 2022
Соңғы бірнеше күнде қант бағасы күрт қымбаттап, өнімге деген сұраныс көбейді. Сауда орындарында ұзын-соңар кезек қалыптасып, ел ішінде дүрбелең пайда болды. Кеше салаға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері осы жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.
16 Наурыз, 2022
Өндіріске – жабық, майнингке – ашық
Қаржы мониторингі агенттігі еліміздің әр өңірінде заңсыз түрде жұмыс істеген 13 майнинг фермасын анықтады. Бұл Президент Қ.Тоқаевтың ел аумағындағы барлық майнинг фермаларының салықтық және кедендік төлемдерін тексеріп, келісімшарттары мен техникалық негіздемелерін 15 наурызға дейін анықтау тапсырмасынан кейін ғана мүмкін болды. Криптовалюта бизнесімен айналысушы майнерлер қызметінің заңдылығын тексеруге қаржы мониторингі агенттігімен бірге прокуратура қызметкерлері де кірісті.
15 Наурыз, 2022
Ресей-Украина қақтығысы: Үрей мен үмітке толы 20 күн
Украинадағы дағдарыстың аяқталып, жағдайдың тұрақталуын күткен жұрт екі ел арасындағы келіссөздердің оң нәтиже беруін тағатсыздана күтіп отыр.
15 Наурыз, 2022
Мейірімді көзінің нұрын төгіп қараған сәтте-ақ мынау маңғаз дүниенің бетіне қан жүгіреді. Ананың жарқын жанары тасжүрек тіршілікті еркелете аймалағанда адамзат біткен еріксіз елжірейтіні анық. Өйткені әйел-ана өмір дауылын жеңетін күшке ие. Білесіз бе, бізді қоршаған ортаны таңертеңгі тымықта күннің көзі ғана осылай аймалай алатын шығар.
15 Наурыз, 2022
Жастық шақта оқитын төрт кітап
Қазір оқитын кітаптардың саны алуан. Оның байыбына барып, не беретінін аңдап барып оқымасаң, уақытың зая кетуі де мүмкін. Сондықтан осы қателіктің болмауы үшін жыл сайын әлемдік әдеби басылымдар оқырмандарға жақсы кітаптарды саралап, оның арқауы туралы, пайдасы жөнінде сөз қозғап отырады. Сол тізімнен түспей, ұдайы оқырмандарға, әсіресе жастық шақтағы оқырмандарға ұсынылған әлем әдебиетінің мына төрт шығармасын оқып көрелік.
15 Наурыз, 2022
Елордалық мектепке Д.Қонаевтың есімі берілді
Бұл жайында қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Наурыз, 2022
Бразилиялық футболшы Неймарды франциялық «ПСЖ» футбол клубы 222 миллион еуроға сатып алды. Алайда бұл қаржы желге ұшты деп айтуға толық негіз бар, деп жазады Egemen.kz.
15 Наурыз, 2022