Редакция таңдауы
Шетелдік азық-түлікті шектеу керек
Шетелдік азық-түлікті шектеу керек. Бұл – отандық тамақ өнеркәсібі өкілдерінің талабы! Айналамызда орын алып жатқан түрлі ахуал оларды айрықша алаңдатып отыр. Сол себепті сала өкілдері Үкіметке отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған шаралар кешенін ұсынды. Статистикалық деректерге назар аударсақ, ішкі нарықта отандық тамақ өндірушілерді алаңдататындай жағдайлар жоқ емес.
06 Сәуір, 2022
Дархан Жазықбаев: Мақсатымыз – ел игілігіне қызмет ету
Дамудың жаңа кезеңіне қадам басып жатқан Қазақстанда басым бағыттың бірі – мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін ұстағалы бұл салада тың бастамалар көтеріліп, ілкімді істер қолға алынды. Жақында жарияланған Жолдауда да мемлекеттік қызметке қатысты жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Осы орайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевпен арнайы жолығып, саладағы жұмыстардың барысы туралы біраз мағлұматқа қанықтық.
06 Сәуір, 2022
Мемлекет басшысы – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының жалғыз кепілі – Қарулы күштер екенін атап көрсеткен болатын. Ал елімізді сыртқы қауіп-қатерден қорғап тұрған айбынды әскеріміздің ерлік пен жанкештілікке толы тарихы ешқашан қалтарыста қалып қоймауы керек.
06 Сәуір, 2022
Қадыр Жетпісбаев ұлттық театр өнерінде өзгеге ұқсамайтын өз мәнері мен өз стилі айқын режиссеріміз еді. Ол өткен ғасырдың жетпісінші, сексенінші, тоқсаныншы жылдарында қазақ театрының жаңа тынысын ашқан, сахнамызға реализм мен романтика үйлесе қабысқан эмоционалды шарттылықты алып келген сол тұстағы аса талантты суреткеріміздің бірі болатын. Алпысыншы жылдары Мадиевский мектебінен шыққан Маман Байсеркенов, Есмұхан Обаев, Виктор Пұсырманов секілді қуатты өнер тарландарының қатарынан өзінің өрттей ыстық темпераментімен, сауатты сахналық стиль-мәнерімен дараланған Жетпісбаевтың Жастар мен жасөспірімдер театрында, Әуезов театрында алғашқы қадамдарына қуана қол соққан көрермендердің бірі болғаным есімде.
06 Сәуір, 2022
Осыған дейін «Оба», «Жат» атты керемет шығармаларымен бізге таныс Альбер Камюдың есімі әдебиетте жиі аталады. Шынын айтқанда, оның танымалдығы оған Нобель әдебиет сыйлығы берілуден бұрын болған жағдай.
06 Сәуір, 2022
Танымал диктор Әбдірәлі Бөлебаев өмірден өтті
Телевизия және радиоардагері Әбдірәлі Бөлебаев өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақ радиосына сілтеме жасап.
06 Сәуір, 2022
Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке тағайындалды
Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Ақтоты Райымқұлованың өзі әлеуметтік желіде жазба жариялады.
06 Сәуір, 2022
Белгілі журналист Амангелді Құрмет жаңа қызметке тағайындалды
Амангелді Құрмет AIQYN республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Сәуір, 2022
Владимир Жириновский қайтыс болды
Владимир Жириновский қайтыс болды. Бұл туралы Мемлекеттік Думаның спикері Вячеслав Володин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Сәуір, 2022
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көтеріледі
Мәжілісте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қаншалықты көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Сәуір, 2022
Жел, тұман, жауын-шашын: Синоптиктер сәуірге болжам жасады
«Қазгидромет» 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінде еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтілетіні айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Сәуір, 2022
Баға өскенде банктер не ұсынады?
Нарықтағы болып жатқан кез келген өзгерістерге қарай екінші деңгейлі банктер де өздерінің қаржылық саясатын өзгерте бастайды. Желдің қайдан соққанына байланысты жедел түрде оңтайлы (бәлкім өзі үшін, бәлкім клиент үшін) бағыт ұстанбаса, рейтингін төмендетіп алуы ықтимал. Наурыз айының орта шенінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 5,6 пайызға қымбаттап кетті. Мұндай жағдайда адамдар тауарды бөліп төлеу арқылы сатып алуға көше бастайды.
06 Сәуір, 2022
Ел ішінде де, сыртында да асқынған геосаяси проблемаларға байланысты банк секторы біршама жайсыз күйді бастан өткеруде. Мұндайда қаржы саласының көтерер жүгі де ауыр болмақ.
06 Сәуір, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын зейін қойып зерделедім. Көптен бері көпшіліктің көкейінде жүрген күрмеуі қиын күрделі мәселелердің түйінін шешкендей.
06 Сәуір, 2022
Елімізде азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр. Мәселен, өткен екі айда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 9,9 пайызға қымбаттаған. Мұны Үкімет те мойындайды. Әсіресе 19-25 наурыз аралығында тауар құны бірден 1,7 пайызға өскен.
05 Сәуір, 2022
Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған болжамы және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеті нақтыланды.
05 Сәуір, 2022
Өзіндік дара стилімен әлемге әйгілі суретші атанған Сальвадор Далидің музейі әлемнің үлкен қалаларындағы жұрт көп баратын мәдениет орталықтарында орналасқан. Монмартрдегі Дали мұражайы бұл күндері Парижге саяхаттап барушылардың ат басын бұратын санаулы орынның бірі. Әрине, Парижде не көп, мұражай көп. Ал солардың ішінде суретші Далидің музейі несімен ерекшеленеді деген үлкен сұрақ туындайды. Бұған жауап та дайын.
05 Сәуір, 2022
Тергеу тобы әділдік танытса екен
Айдың күннің аманында ұлынан айырылып қалған әкенің тілегі бұл. Өткен айда «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясына Үржар ауданына қарасты Ақшоқы ауылының тұрғыны Бекен Нұрқанов баласының өліміне байланысты тергеу әділ жүрсе деген мақсатпен хат жолдапты. Баласы Нұрым Нұрқановты 20 қаңтар күні Бақты ауылына кіреберісте атып кеткен екен. Оқиға түсінікті болуы үшін әділдік іздеген әкенің хатын ықшамдап, оқырманға ұсынайық.
05 Сәуір, 2022
Сарыарқаның сайын даласына салынған астанамыздың ауа райын жақтырмайтын жандар жетерлік. Бірі қаңтары қарлы, ақпаны аязды десе, енді бірі көктемі келіп болмайтын суық мекенге теңеп жатады.
05 Сәуір, 2022
Ерекше баланы тәрбиелеу – ерекше парыз
Әрбір ата-ана шөңге баласының табанына кіргенше өзінің маңдайына кіргенін қалайды. Алайда өмірдің өз дегені бар. Әсіресе айналасын танып-түсіне бермейтін, қоршаған ортаға бейімделмеген аутизмге шалдыққан балалар туралы айту әркімнің болсын жанына бататыны анық. Айту былай тұрсын, сондай ерекше балаларды бағып-қағып, әлі жеткенше тәрбиелеп, оңалтып отырған ата-ананың жай-күйін түсіну одан да қиын. Ондай ата-ана ең алдымен қолдауға, түсіністікке, мейірімге мұқтаж.
05 Сәуір, 2022