Редакция таңдауы
Қаржылық механизмдердің дамуында, жолға қойылуында халықтың сауаты да үлкен рөл ойнайды. Тұтынушы көбейген кезде ғана онлайн қызметтің шырайы кірмек. Азаматтардың қаржылық тұрғыдан сауатының артуы түрлі қарым-қатынас процестерін жеңілдетеді һәм жеделдетеді.
12 Маусым, 2022
Банктердің қарыз портфелі қалай өзгерді?
Қазіргі геосаяси ахуал мен нарықтағы қымбатшылық банк секторына да салқынын тигізді. Дағдарыс сәтінде отандық банктердің қарыз портфелі біраз азайды. Соңғы бір айда қарыз портфелінің көлемі 0,6 пайызға немесе 127,3 млрд теңгеге төмендеген. 1 мамырдағы дерек бойынша екінші деңгейлі банктер тарапынан халыққа берілген несие көлемі – 20,32 трлн теңге. Бүкіл сектор бойынша – 11, үздік ондықтағы 4 екінші деңгейлі банк минусқа кірген.
12 Маусым, 2022
Азаматтық парызынан жалтаратындар азаяр емес
Ұшқан құс шаршап-шалдыққанда, қанатын әрең қағатын, арғымақ арындап шапқанда, тұяғы әбден талатын байтақ дала – бабалардың бізге қалдырған аманаты. Сартап дала, жусанды қырды көздің қарашығындай сақтау, қорғау – азамат ердің баласының міндеті, парызы, борышы. Осыны ешқашан қаперден шығармаған абзал.
12 Маусым, 2022
Нұрлан Оразалин: «Жауыңды басындырма, Халқыңды ашындырма!»
Көк Түріктер дәуірінің көсемі Тоныкөктің осы бір құдыретті сөзімен сұхбатымыз басталды.
12 Маусым, 2022
Әдебиет саласының ең үлкен сыйлығын алған сәтте олар не ойлады дейсіз? Бірі, жауапкершілігім ауырлады, бұрынғы жазғандарымнан да биік туындылар жазуым керек деп ойлаған шығар, ал енді бірі еңбегім, ақ қағаз бен қара сияға төккен терім бағаланды дегенді аужал етуі әбден мүмкін. Рухани емнің дәрісін «жасаған» қалам иелері әрине әртүрлі ойлайды, әртүрлі жазады. Тіпті олардың өмірге, дүниеге, өнерге деген көзқарастары да әр алуан. Жыл сайын Нобель әдебиет сыйлығының иегері жариялана салысымен енді бұл қандай тақырыпта нобельдік дәріс оқыр екен деген қызығушылық туындайтын. Бүгін біз алпауыт сыйлықтың иегерлерінің Нобель мінберінде оқыған дәрістеріне көз жүгіртіп көрелік.
12 Маусым, 2022
XX ғасырда әлем поэзиясында даңқты есімдер дүниеге келді. «Ұлы оқиғалар ұлы шығармалар тудырады» деген Жан-Жак Руссо сөзі шындыққа айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Екінші дүниежүзілік майданның алауы адамзатқа ой салып, руханият, адам тағдыры, өмір мен өлім жайлы әртүрлі шығарма туа бастады. Сюрреализм мен дадаизм өрнектері де осы уақытта әр тұстан көрініп жатты. Күйреуік сезімдер мен өзін қоршаған ортадан оғаш көру күйі, майданнан соңғы жарымжан мінез-құлықтар ақындардың тілімен үн қатты.
12 Маусым, 2022
Қоңқайға қол соққан күн немесе әдебиетте жағымсыз кейіпкерлер неге азайып кетті?
Классиктер қаламынан жағымсыз кейіпкерлердің тұтас бір галереясы түзілген екен. Солардың кейіпкер ретінде есте қалған бейнелерін көрмеге қойса қайтер еді. Онда жағымды кейіпкердің қасына тоқтамаған адам, жағымсыз кейіпкердің қасына тоқтар еді. Себебі жағымды кейіпкер көбінше жасанды, ал жағымсыз кейіпкер көбінше шынайы болып келеді.
12 Маусым, 2022
Соңғы санақ бойынша, ел аумағында 1 млн 318 мың бас киік бар екен. Қазақ жерін ежелден мекендейтін осы жануар жаз жайлауы мен қыс қыстауы ерекшелігіне байланысты Бетпақдала, Үстірт, Орал тобына бөлінеді. Қазіргі таңда даламызды мекендейтін Үстірт киіктерінің саны – 28 мың, Бетпақдала тобы – 489 мың, Орал тобы 801 мың басты құрайды.
12 Маусым, 2022
Көктемгі егіс жұмыстары ойдағыдай өтті
Биыл аграршылар егін егуді қатаң оңтайлы мерзімде аяқтады. Топырақта жиналған ылғалды сақтау жұмыстары уақытында жүргізілді. «Қазгидрометтің» маусым айына жасаған болжамы да қолайлы болды.
12 Маусым, 2022
Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды
Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Маусым, 2022
Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды
Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Маусым, 2022
Саясат Нұрбек ҚР Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды
Саясат Нұрбек ҚР Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Маусым, 2022
Асхат Аймағамбетов ҚР Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды
Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Маусым, 2022
Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды
Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Egemen.kz оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады.
11 Маусым, 2022
Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды
Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Egemen.kz оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады.
11 Маусым, 2022
Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады
2022 жылдың шілдесінде қазақстандықтар екі мереке – Астана күні мен Құрбан айтты тойлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Маусым, 2022
Боранбаев пен Сатыбалдыұлының қамау мерзімі ұзарды
Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Маусым, 2022
Киік санын реттеуге арналған бұйрық жобасы пысықталады
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің нормативтік құқықтық актілерінің ашық деректер порталында киік дериватын жинауға бұйрық жобасын пысықтау үшін қайтарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Маусым, 2022
Қазақстанда әскери доктрина өзгереді
ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Әскери доктринасына өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Маусым, 2022
Сұйытылған газ, электр қуаты мен көмір бағасы көтеріледі
Шілдеден бастап елімізде сұйытылған газ бағасы қымбаттайды. Энергетика министрлігі келесі жылға дейінгі шекті бағаны бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Маусым, 2022