Редакция таңдауы
Алқаракөк аспанның күңгірт күмбезіне, тал түстегі күн көзімен шағылысқан көгілдір сағымға, көк бұлтқа шомылған ағаштардың ұшар басында қадалып отырып жер мен көктің тәңір берген ғажайып бояуын көкейіне қондырған. Өмірдің оған берген осынау еншісіне еш баға жетпейтін секілді. Шексіздік… мүмкін дәуірлердің бір нүктеде тоғысуы.
27 Шілде, 2022
Қазақстан шетелдік вакциналардан бас тартуы мүмкін
Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова алдағы уақытта еліміз коронавирусқа қарсы шетелдік вакциналардан бас тартып, тек отандық вакциналарды қалдыруы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2022
Олимпиада кезінде тиімсіз жұмсалған қаржы мемлекетке қайтарылды
Токио Олимпиадасында тиімсіз жұмсалған қаражат бюджетке қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.
27 Шілде, 2022
ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі
Бұл туралы бұрынғы Білім және ғылым министрі кезіндегі қызметі туралы есеп берген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2022
Жеті облысқа жаңа прокурор тағайындалды
Бұл туралы Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
27 Шілде, 2022
Қызметкерінен ірі көлемде пара алған басшы ұсталды
Түркістан облысының полицейлері қызметкерінен ірі көлемде ақша талап еткен басшыны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2022
Биыл 592 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 115,3 мың отбасындағы 592,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 83,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2022
«Астына қанатының маржан тағып...»
Әуелі аңыз жетелейтін сияқты, өнер атаулы құбылысқа. Кейде әннің не күйдің өзін тыңдап рахаттанасың немесе мұңға батасың, жаның жай табуы мүмкін. Кейбір туындының өзінен бұрын аңызы жүреді. Мысалы, Леонардо да Винчидің әйгілі «Джакондасынан» бұрын біздің құлаққа ол туралы неше түрлі әңгімелері жетті. Сонсоң барып қызығушылық туып, тамашалай бастадық. Ақан серінің «Қараторғай» әніне де солайынан душар болғанымызды неге жасырайық? «Астына қанатының маржан тағып» деген жалғыз-ақ жолына бүккен сыры үшін іздеп жүріп қайта-қайта тыңдадық.
27 Шілде, 2022
Қаржылай көмек кімге, қалай беріледі?
Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржы институттары берген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдауды жалғастырып жатыр. Бұған дейін субсидиялау жылдық 17 пайыздан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер бойынша жүзеге асырылған болатын.
27 Шілде, 2022
Бірлесе шешуді қажет ететін міндеттер
Президент тапсырмасына сай «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы іске асырылуда. Бірінші кезекте балалардың, жастардың денсаулығына көңіл бөлінеді, шалғай елді мекендердегі медицина әлеуетін көтеруге күш салынады. Осы орайда аурудың алдын алу, скринингтік тексерулер жүргізу сынды жұмыстар қолға алынбақ. Сондай-ақ жастардың денсаулық күтімін жақсартуға байланысты арнайы орталықтар ашу жоспарда тұр. Шымкентте жаңадан 200 орынды заманауи перинаталдық орталық және университет клиникасы бой көтереді.
27 Шілде, 2022
Мақсат – халықтың табысын арттыру
Павлодарда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен 2025 жылға дейін халық табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жиналыс өтті. Жиынға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, даму институттарының, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
27 Шілде, 2022
Бұрынғы сатира – бүгінгі стендап
Күлкі өмірді ұзартады дейді ғалымдар. Ол қандай күлкі? Сіз бен біздің ғұмырымызға ән, көңілімізге сән сыйлайтын мағыналы әзіл қайсы? Бұрнағы қазақтың әжуасында әр, мазағында мән, келекесінде көркемдік бар еді. Қазір езу тартысы ерсілеу, жымиысында жылу жоқ секілді. Әсіресе заман ағымына ілескен жастардың эмоциясы ерекше. Олардың бұратартпа сөзі, сиқырлы сықағы – кішігірім комикс. Бұл – батысша айтқанда стендап. Бүгінгі біздің әңгімеміз қазіргі қазақтың қалжыңы туралы.
27 Шілде, 2022
Инфляцияны тежей алмайтын мөлшерлеме
Ұлттық банк кезекті рет базалық мөлшерлемені көтерді. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты жөніндегі комитеті базалық пайыздық мөлшерлемені 14-тен 14,5 пайызға көтеру туралы шешім қабылдады. Базалық ставка – инфляцияны тежеудегі басты құрал. Бірақ сарапшылар бұл құралдың тиімділігі төмен деген пікір айтады. Керісінше, базалық ставканың көтерілуін қолдаушылар да көп.
26 Шілде, 2022
Дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасы қабылданады
Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, Үкімет дағдарысқа қарсы іс-шаралар бағдарламасын қабылдап, инфляцияны тежеп, төмендетпек.
26 Шілде, 2022
Ұлттың ұйытқысы – Ұлттық құрылтай
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда халыққа арнаған Жолдауында Ұлттық құрылтай құруды ұсынған болатын. Соған сәйкес, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі таратылып, оның орнына жаңа құрылымның іргетасы қаланды. Оның мүшелері де бекітілді. Маусымда Ұлытауда ұлттық құрылтайдың тұңғыш отырысы өтті.
26 Шілде, 2022
Бидай экспортын шектеу – қауіпсіздік кепілі
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда барлық егіс алқабының 80%-дан астамын бидай (12,9 млн гектар) алып жатыр. Бұл соңғы жылдары егіс алқаптарының мөлшері жыл сайын орта есеппен 6%-ға өскенін көрсетеді. 2022 жылдың 6 айында Қазақстанда жалпы өсімдік шаруашылығы өнімінің физикалық көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38%-ға өсіп, 83,9 млрд теңгені құраған. Ал былтыр егістік алқаптарының көлемінің ұлғайғанына қарамастан өндіріс көлемі ауа райының қолайсыздығынан төмендеген.
26 Шілде, 2022
Биржадағы белсенділік біркелкі емес
Маусым айында АІХ-тегі («Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы) сауда-саттықтың көлемі 16 444 269 долларды құрап, мамырмен салыстырғанда 2,2 есе артты. Бұған борыштық құралдар бойынша сауда белсенділігінің артуы, «Қазатомөнеркәсіптің» және Kaspi.kz-тің жаһандық депозитарлық қолхаттары мен акциялары бойынша сауда көлемінің артуы себеп болды.
26 Шілде, 2022
Әлемде маймыл шешегі өршіп барады
Бұрын Африка елдерінде ғана кездесетін маймыл шешегі кең таралып, бүгінгі таңда бұл инфекцияны жұқтырған адамдар әлемнің көптеген тұсында анықталып жатыр. Жағдайдың бұлай ушығуы жаһандық ауқымда алаңдаушылық тудырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің өршуін бүкіл әлемде төтенше жағдай деп жариялады. Бұл – эпидемияға немесе пандемияға әкелуі мүмкін қауіптің ең жоғары деңгейі.
26 Шілде, 2022
Шаңырағы шайқалып, ажырасып жататын ерлі-зайыптылардың арасында жазықсыз бала қалатыны – бүгінгі күннің ең ащы шындығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Балалар жылы деп жариялағаны да қоғамның осы қорғансыз мүшелерінің құқын қорғауға басымдық беруді көздесе керек. Осыған орай Үкімет отбасы институтын нығайту жолдарын қарастырып жатса да, баласынан безген көкек-аналар мен алимент төлеуден жалтарған қашқын-әкелердің саны азаяр емес.
26 Шілде, 2022
Балаларды қолдауға 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл сомаға осы жылдың бірінші жартысында Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 18 мыңға жуық балаға арналған қайырымдылық жобаларын жүзеге асырды. Жобалар денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық спорт салаларына, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына бағытталды.
26 Шілде, 2022