Редакция таңдауы
Сеулдегі қазақстандықтар дауыс бере бастады
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында Корея Республикасындағы және Жапониядағы Қазақстан Республикасының азаматтары алғашқылардың қатарында өздерінің конституциялық дауыс беру құқығын пайдаланды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Наурыз, 2023
Бейжіңде, Шанхайда және Гонконгта сайлау учаскелері ашылды
Жергілікті уақыт бойынша сағат 05:00-де (Астана уақыты бойынша 07:00-де) Бейжіңдегі Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде және Шанхай және Гонконг қалаларындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдықтарында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Наурыз, 2023
Ұлттық ұлан сарбаздары Қазақстанда алғашқы болып дауыс берді
5571 әскери бөлімінің сарбаздары ҚР Парламентінің Мәжілісі және Алматы қаласының мәслихат депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Наурыз, 2023
Астанадағы №2 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды
Елімізде Астана уақытымен таңғы 7:00-де Алматы ауданы, Мағжан Жұмабаев, 14, ЕҰУ, студенттер үйінде орналасқан №2 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.
19 Наурыз, 2023
Алуа Балқыбекова қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді
Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Алуа Балқыбекова алғашқы кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Наурыз, 2023
Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1,8 млрд доллардан асты
Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанаға алғашқы ресми сапармен келген Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму істері жөніндегі министрі Джеймс Клеверлимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Наурыз, 2023
Елена Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы атанды
Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирдің финалына шыққаннан кейін WTA рейтингінде рекордтық сатыға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
18 Наурыз, 2023
Сайлауға 2 күн қалды: Дауыс берушіге арналған нұсқаулық
19 наурызда Қазақстанда Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Наурыз, 2023
Қазақстандықтар мемлекеттен 10 пайыздық өтемақы ала бастады
Қазақстандықтар теңгедегі депозиттері бойынша мемлекеттен 10 пайыздық өтемақы ала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Наурыз, 2023
Биылғы бюджетке өзгерістер енгізілді
Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында 2023 жылға арналған бюджетке өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ бірқатар заң жобасы қаралды.
17 Наурыз, 2023
Қандастарды баспанаға бастайтын «баспалдақ»
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы бұйрығына сәйкес, отандастарды ерікті түрде көшіру қағидаларына бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұйрық 13 наурыздан бастап қолданысқа енді.
17 Наурыз, 2023
Жылына 300-ден аса түрлі операция жасайтын хирург 40 жылғы еңбегінде орта есеппен 12 мың адамның жанына араша түскен екен. Кейде тәулігіне 3 операциядан жасаған. 24 сағат бойы үй бетін көрмеген күндері де бар. Жедел жәрдем сан рет алып кетіп, шұғыл операция жасаған түндері қаншама. Бір адамды аман сақтау үшін 5-6 сағат тізе бүкпей, тер моншақтап шыққан кезеңдер ше? Өте көп. Еңбек жолы осылай өтіп келеді. Оған өзі ешқашан өкінген емес. Бұл – хирург Қайрат Түгелбаевтың дәрігерлік еңбек жолынан үзік сыр.
17 Наурыз, 2023
Ескерткіш қоймасақ, есте қалмай ма? Немесе мүйіс сайын бір мүсін...
Журналистік сапарларымызда әуелі барған жердегі түрлі ескерткіштерді зерттейтініміз бар. Бәрі бірдей көздің жауын алып, жұтынып тұр десек, ақиқаттың ауылынан алыс қонған болар едік. Арасында монументтік өнер құрылысы деуге келмейтін, тарихи мән-мағынасы бұлдыр мүсіндер де кездесіп қалады.
17 Наурыз, 2023
Он төртінде ұстаз болған Отызбай
Өткен жылдың 17 қаңтары болатын. Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Амангелді Әшіров хабарласып, қаралы хабарды жеткізді. Республикаға еңбегі сіңген мұғалім Отызбай Сүйіндіков қайтыс болыпты. Қайғылы хабардан бірнеше күн бұрын ғана үйге телефон соғып, біраз әңгімелескен едік. Соңғы рет тілдескен екенбіз.
17 Наурыз, 2023
Осыдан тура бір жыл бұрын Жезқазған өңірі жұртшылығы бөркін аспанға атып қуанды. Үлкен-кішісі бір-біріне ақжолтай айтысып, сүйінші сұрасқан еді. Өйткені 16 наурыз күні Президент «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында елдегі өңірлер қатары жаңа үш облыспен толығатынын мәлімдеген еді. Үштіктің ішінде оңтайландыру кезінде ұшынған бидайдай күй кешкен бұрынғы Жезқазған облысының орнын оңалтатын жаңа Ұлытау облысы да бар.
17 Наурыз, 2023
Кереку қызылшасының бәсі жоғары
2019 жылы Алматыдағы Көксу қант зауытының мамандары Керекудің егіс танаптарында өніп шыққан қант қызылшасының қанттылығы 18-20 пайызды көрсеткенін байқап, таңданыстарын білдіргені есімізде. Сөйтсек, оңтүстікте жиналатын өнімдегі қант деңгейі 15 пайыздан аспайды екен. Бүгінде жергілікті аграрлық ғалымдар мен фермерлер өңірде қызылшадан қант өндіретін зауыттың салынуын асыға күтіп жүр.
17 Наурыз, 2023
Теледебат: Бос сөзден – батыл іске
Сайлау күні жақындаған сайын кандидаттардың да, халықтың да белсенділігі артты. Үміткерлер үгіт пен үміттің ортасында жүрсе, дауыс берушілер «кімге дауыс берген жөн?» деген ойдың жетегінде жүр. Саяси дода қызған шақта теледебаттарда сөз таластырған партия өкілдері әр дауыс үшін күресетінін дәлелдеп бақты.
16 Наурыз, 2023
«Үйлену»: Күлеміз бе, жылаймыз ба?
«Үйлену оңай, үй болу қиын» дейміз. Алайда жаңа заманда үй болу тұрмақ, үйленудің өзі тым күрделеніп кеткендей. Оны қиындатып жүрген – заман емес, тағы да адамның өзі. Неге? Себебі адамға адамның жағуы үшін төрт құбылаң түгел, қоғамнан ойып тұрып алар өз орның, әлеуметтік мәртебең, қалта толы ақшаң, зәулім сарайың болмаса, бәрі бекер. Сонда қалай болғаны? Бақыттың кілті байлықта ма, әлде шын сүйгеннің риясыз сезімінде ме? Ал арманға жету жолында жағымпаздық пен жалғандықтың жетегіне еріп, ардан аттап кете беру қалыпты құбылыс па? Құрдымға кеткен құндылықтардың қадіріне кім жетеді?..
16 Наурыз, 2023
Балаларға арналған әлемдегі ең беделді ойын-сауық брендінің бірі Nickelodeon жыл сайынғы Kids Choice Awards премиясының жеңімпаздарын жариялады. Арасында 12 жастағы Әмина Малғаждар да бар.
16 Наурыз, 2023
Жуырда алматылық музыкант әрі шебер қазақтың құлағына әбден сіңген ән «Қамажай» орындалатын музыкалық қорапша жасап шығарды. Ағаштан жонылған алақандай туынды сиқырын бүккен сандықтай сүйкімді көрінеді. Шетіндегі ілгегін сәл бұрасаңыз болды, көңіл тербейтін ескі әуен әуелей жөнеледі. Сол-ақ екен, «басында Қамажайдың бір тал үкі...Ахау хайлилайым, лилилайым...» деп еріксіз күбірлеп жүргеніңіз.
16 Наурыз, 2023