Редакция таңдауы
Жаңадан сайланған Парламент депутаттарының құрамы үшін алдағы бес жыл күрделі сынаққа толы жыл болмақ. Себебі өткен жылы басталған еліміздегі күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды одан әрі іске асыру жаңа Парламент құрамына жүктеледі.
29 Наурыз, 2023
Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, елдің ертеңі болар өрендерді тәрбиелеу екінің бірінің қолынан келмейді. Өйткені ұстаздық әркімнің пешенесіне жазылмаған. Ұстаз болу – баланың бойына жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын дарыту.
29 Наурыз, 2023
«Сатираның диюы» атанған Садықбек Адамбеков, Оспанхан Әубәкіров сынды алыптар легінің ізін жалғаған Көпен Әмірбек есімі уақыт ағынымен бірге жандануда. Сатираның жілігін шағып, майын ішкен сардар талант соңына классикалық үлгі қалдырып, сара жол салды. Өнер деп сүрген өмір өнегесі кейінгіге сәуле шашып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасары даусыз.
29 Наурыз, 2023
Кәрі адамның төсек тартып, ана дүниеге әне-міне аттанғалы жатқаны күлкілі дүние емес. Бұл – қайғылы оқиға. Бірақ Тынымбай Нұрмағанбетовтің шығармаларын оқып отырып, қанша жерден мұңды болса да егіліп бір шын жылай алмайсың. Езуіңе күлкі үйіріліп, ащы әжуасына кейде мырс етіп, кейде астарын түсініп, мезет ойланып қаласың.
29 Наурыз, 2023
Әдебиетте арнау өлең деген бар. Көнеден келе жатса керек. Әлем әдебиетінің бәріне тән болғандықтан, бізде де небір түрлері кездеседі. Әсіресе жыраулар поэзиясынан озық үлгілері аз ұшыраспайды. Сол қадым замандардан жеткен жыр, толғаулар біреуге қарата айтылғанымен, тұтас арнау деп қабылдауға келіңкірей де бермейді. Толғау десе жарасады. Алайда жеке басқа, бір адамға қатысты айтылғандықтан, арнау емес деп тағы айта алмайсыз. Бүгінде әдебиетті шын түсінуге тырысатындар арасында жиіркеніш тудыруға айналған, мүлде қабылданбайтын өлеңнің осы түрінің ертеректегі тұрпаты мүлде оқшау болғанын айтқымыз келеді.
29 Наурыз, 2023
Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Вячеслав Кузьмин өрт кезінде адамдарды құтқаруға арналған құлтемір ойлап тапты. Ерте жастан робот жасауға қызығушылығы да, бейімі де бар жасөспірім 5-сыныптан бастап мектептен тыс уақытта «техникалық шығармашылық орталықта» қосымша білім алады. Аталған жобаны орталықтағы тәлімгері Айнұр Сұраншиеваның жетекшілігімен жүзеге асырған.
29 Наурыз, 2023
Жасанды интеллектің артықшылығы мен мүмкіндігі көп екенін көріп-біліп отырмыз. Әлемде бірнеше чат-бот әзірленіп, қолданысқа енгізілгені де мәлім. Ал жақында қазақ тілінде құрастырылған алғашқы жасанды интеллект (artificial intelligence – AI) пайда болды. Жобаны Әкімбек Медхат пен Отарбай Дәурен жасап шыққан.
29 Наурыз, 2023
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген сөздің түпкі мәні тереңде жатқаны даусыз. Жасыл желегі жайқалған Жамбыл өңірінің көркі – саясы биік-биік талдар. Көктем келе сала жергілікті атқарушы билік көктемгі дала жұмыстарымен қатар көшет егу ісіне айрықша назар аударады. Ауыл-ауылдағы жергілікті халық та ауласына тал-дарақ отырғызуды парызы санайды.
29 Наурыз, 2023
Керекулік диқандар да далаға қарай бастады. Техникасы мен тырмасын сайлап, жер төсіне соқа салуға асығулы. Мамандар биыл өңірде егістік жерлердің көлемі 1,6 млн гектарға жететінін, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға артық екенін айтады. Дәнді дақылдар мен мал азығы және картоп танаптары кеңейтіледі.
29 Наурыз, 2023
Маралтас, Тасбақатау – тарихи мекен
Тарбағатай тауларында тасқа қашалған мың жылдық петроглифтер сайрап жатыр. Туристер мен жергілікті этнографтар қызықтап қана жүргені болмаса, әлі күнге дейін ғылыми тұрғыда толық зерттеле қойған жоқ. Жартастардағы сурет сырына терең үңілмек болып, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері де суретке түсіріп, орналасқан тұстарын қойын дәптерлеріне түртіп алып жүр.
29 Наурыз, 2023
«Қызыл кітап»: Жаңа басылымның жаңалықтары
Әлемге әйгілі «Қызыл кітаптың» сипаты туралы қызықты деректер өте көп. Мұның қызыл түсі тыйым, тоқта, жойма, дабыл мен қауіп деген түсініктерді білдіреді және бұл адамдардың назарын аудару және әлемнің варварлық жойылуын тоқтату үшін жазылған. «Қызыл кітап» табиғатты қорғауға арналған ғалымдардың жануарлар мен өсімдіктер жөнінде жинаған фактілері болғанымен, бізде бұл құзыреті бар кітап болып саналады.
29 Наурыз, 2023
Жетісуда баспана жайы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Былтырдан бері Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев мыңдаған тұрғын үйдің заңсыз берілгенін мәлімдеумен келеді. Оған қоса берілген баспаналарға иелік еткен азаматтардың мәртебесі сұрыпталмай, бірнеше жылдан бері ешқандай жалгерлік қаржысы төленбеген. Қазір соған сай тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
29 Наурыз, 2023
Қымбат ойыншылардың шартты құрамасы
Футболшылардың есеп-қисабын жүргізетін әйгілі transfermarkt интернет басылымы жуырда әлемнің ең қымбат футболшыларынан жасақталған дүние жүзінің шартты құрамасының тізімін жариялады.
29 Наурыз, 2023
Күн көзіне шағылысып жатқан қырдың жұқа қары күрт ерісе, дүлей күшке айналады. Сай-саладан жылғалап жылжып, кең арнаға түскен соң арқырай жөнелетін көктемнің қызыл суы Жангелдин ауданын қыспаққа алып жатыр. Ал осыдан үш жыл бұрын салынған Шилі ауылындағы бөгетті тасқын су шайып кетті.
29 Наурыз, 2023
Халық әртісі – халықтың құрметі
«Қазақстанның халық әртісі» деген құрметті атақты иеленуді барша өнер адамдары армандайды. Алайда бұл атақты алудың бір-ақ қана шарты болуға тиіс. Ол – адал еңбек. Атақ баз біреулердің өмірінің мағынасы, қоғамға ықпалы жүретін биік мансаппен тең дәрежеде болуы мүмкін, бірақ ол өнердің, өзінің алдында адал болып, халыққа қалтқысыз қызмет еткен жанкешті жанға берілгенде ғана өзін ақтайды.
29 Наурыз, 2023
«Бұрынғыдай ашықпын». Аймағамбетов Мәжілісте қандай мәселені қозғайтынын айтты
Бұл туралы Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Наурыз, 2023
«Қазақстанның халық әртісі» атағы қай кезден бастап берілді?
Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде «Қазақстанның халық әртісі» атағын қалпына келтіру туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Наурыз, 2023
Мәжілістегі AMANAT фракциясының жетекшісі сайланды
Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі болып сайланды. Жиын барысында оның кандидатурасын партия төрағасы Ерлан Қошанов ұсынған, ал депутаттар қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Наурыз, 2023
Жуырда Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады - Е.Қошанов
Таяу күндері Мемлекет басшысына Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Наурыз, 2023
Мәжілісте комитеттердің төрағалары сайланды
Өз міндеттеріне кіріскен Мәжіліс депутаттары комитеттердің санын анықтап, олардың төрағалары мен құрамын сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Наурыз, 2023