Редакция таңдауы
Жаңа келісімшарт – жаңа кезеңнің бастауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар компания басшыларымен кездесті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Wabtec компаниясының президенті және Citigroup компаниясының бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдады.
19 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Иран Президенті Ибрахим Раисимен кездесті
Президент Қазақстанның Каспий теңізі аймағындағы стратегиялық серіктесі ретінде Иранмен екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға баса мән беретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
19 Қыркүйек, 2023
Словения Президенті Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамытуға дайын
Бұл туралы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүргізген келіссөз барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Словенияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, екі елдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Қыркүйек, 2023
«Біртұтас БҰҰ» қағидатын күшейту қажет - Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қыркүйек, 2023
Ел ішінде алдынан жұмыс үркіп тұратын, ақ адал еңбегінің арқасында ұжымының шынайы құрметіне бөленіп жүрген жастарды көргенде жаның сүйсінетіні бар. Сондай талапты жастың бірі Мирас Еркенов Макинск қаласындағы жылу оқшаулау зауытында ауысым шебері болып еңбек етеді.
18 Қыркүйек, 2023
Жаз бойы жауынның ала-құла жауғанына қарамастан солтүстікқазақстандықтар біршама жақсы астық өсірді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағамбетовтің айтуына қарағанда, орта есеппен кемінде гектарынан 12-13 центнерден астық жинауға үміт бар еді. Бірақ тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында үзіліссіз жауған жаңбыр диқанның көңіл-күйін түсіріп кетті. Дестеге түскен астық та, дәні де өніп кетіп жатыр. Күн сәл ашылғанда дестені аударумен айналысып жатқандар көп. Алқапқа комбайн оңайлықпен кіре алмайды, жауын жерді езіп жіберген.
18 Қыркүйек, 2023
Атырау облысымен экономикалық, іскерлік қарым-қатынасты орнатуды көздеген елдер қатары артып келеді. Мұнайлы өңірмен алыс-берісті, барыс-келісті нығайтуға бет бұрғандар сауда-экономикалық, инвестициялық байланысты дамытуды көздейді.
18 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Rio Tinto компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Кездесу барысында геологиялық барлау, тау-кен және металлургия өнеркәсібінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қыркүйек, 2023
«Әркімнің жолы – әртүрлі сапар» кітабының таныстырылымы өтті
Бас редакторлар клубы мен ЕҰУ-нің журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында марқұм журналист-публицист, саясаттанушы, Бас редакторлар клубының бұрынғы президенті, «Құрмет» орденінің иегері Кенжеболат Жолдыбайдың «Әркімнің жолы – әртүрлі сапар» атты кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қыркүйек, 2023
190 метр биіктікте құрылыс жүргізу – үлкен тәуекел, оған жүрек керек – альпинист
Қоғамда аса қат мамандардың қатарында альпинистер де бар. Иә, кәдімгі шыңға өрмелеп, омыраулап қар кешіп, мұзға шойын қадасын қағып асу бермес асқарға қарай адымдайтын альпинистер секілді бұлар да биікте жүріп, көп адамның тәуекелі бара бермейтін аса ауыр жұмыстарды атқарады. Біз сөйлескен Бағдат Болатұлы да альпинист. Жамбыл облысына қарасты көгілдір газ өндіретін зауыттың аспанмен астасқан мұнарасын сырлау, әктеу жұмыстарын командасымен барып, аяқтап үйіне келген беті екен.
18 Қыркүйек, 2023
Жыл басынан бері 2,2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 200,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 675,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 525,6 млрд теңге қарастырылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
18 Қыркүйек, 2023
Қоғам және отбасы: қауіпсіздік кілті
Таяуда Будапештте отбасы қауіпсіздігіне арналған демографиялық саммит өтті. Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын жаһандық іс-шарада отбасылық-демографиялық саясаттың Қазақстан моделі ұсынылды.
18 Қыркүйек, 2023
«Жұмыс орындары қазір қажет»: Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың жұмысын сынға алды
ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында 8 ай ішінде негізгі капиталға инвестициялар тарту қарқыны және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қыркүйек, 2023
Балаларды қорғаудың заңдық негіздері
«Amanat» жетекшісі Ерлан Қошанов Мәжілістегі партия фракциясының жиналысын өткізді. Отырыста еліміздегі отбасы, ана мен бала құқығын қорғаудың қазіргі жағдайы талқыланды. Сондай-ақ жиында жұртшылықпен бірге әзірленген балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа заң жобасы таныстырылды.
18 Қыркүйек, 2023
Астананың балабақшаға қатысты игі бастамасы
Еркебұлан Елеуов – төрт баланың әкесі. Ол жағымды жаңалықты естіп, өзі үшін де, осындай көмекті алатын отбасылар үшін де қуанышты екенін жеткізді. Өйткені оның үшінші қызы енді балабақшаға тегін барады. Мұндай мүмкіндік бүгінде 6 мыңнан астам астаналық балаға беріліп отыр.
18 Қыркүйек, 2023
Еркін күрес: Алғашқы медаль бұйырды
Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қыркүйек, 2023
«Келешектің» ертеңі не болмақ?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. Осыған орай ата-аналар тарапынан қойылатын сұрақ көбейді. Себебі бұған дейін «Aqyl» білім депозитіне баласының болашақта білім алуына қаржы жинақтап жүргендер екіжақты ойға қалғандай. Қос депозиттің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Қайсысы тиімді? Екі бірдей білім депозиті не үшін керек?
18 Қыркүйек, 2023
Сақтандыру саласындағы өзгерістер
Елімізде алғаш рет сақтандыру форумы өткізілді. Форум «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның 20 жылдығына арналған. Форумға 11 сақтандыру төлемдеріне кепілдік берудің халықаралық жүйесінің (Канада, Германия, Испания, Малайзия, Тайвань, Индонезия, Кения, Сингапур, Армения, Румыния, Эстония) өкілдері, халықаралық сарапшылар және сақтандыру нарығының өкілдері қатысты.
18 Қыркүйек, 2023
KASE+AIX=... Қос биржаны қосқаннан не өзгереді?
Елімізде екі бірдей қор биржасы (KASE және AIX) жұмыс істейді және олар көп жағдайда бір-бірін қайталайды. Өзара бәсекеге түсетін кездері де жоқ емес. Бұл отандық қаржы жүйесіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Ішкі нарықтың көлемі мен тартымдылығын арттыру үшін екеуін біріктіріп, бірыңғай басқаруға көшірген жөн болмақ. Мұндай жаңашылдыққа қаржы нарығы қалай қарайды? Бір-бірінен табиғаты бөлек секілденетін қос биржаның қосылуы нендей өзгеріс туғызбақ?
18 Қыркүйек, 2023