Редакция таңдауы
Кәбіл экспортының алғашқы легі
Елімізде фотоэлектр жүйелеріне арналған кәбілдердің алғашқы өндірісі оң жолға қойылды. Радиациялық модификацияланған оқшаулауы бар инновациялық өнімнің жаңа желісін сатып алуға Өзбекстанмен келісімшарт жасалды. Күн батареяларының құрылысына арналған отандық кәбілдік-өткізгіштің алғашқы легін көрші елге жеткізіп те үлгердік.
19 Қараша, 2023
«Авгийдің ат қорасына» қайта оралсақ...
Құрамындағы үш сөз үш жаққа тартқан «Әдеби тілдің нормасы» деген тіркес бар. Кеңес заманында шығармашылық адамының еркіндігін шектеуде жүйенің ойлап таппағаны қалмапты. Өз қолымызбен көсеу көсетіп қойып, қызықтап қарап отырыпты. Дүрмекке ілесіп, «әдеби тілдің нормасының» сойылын біз де соққан екенбіз. Енді бүгін әлеуметтік желіге бірдеңе жаза қояйық десек, бір жерден қатеміз шығып қалатындай қорқасоқтаймыз.
19 Қараша, 2023
Чемпиондар бақ сынаған спартакиада
Жексенбі күні Астанада бокстан ересектер арасында VI жазғы спартакиада аяқталды. Жеті күнге созылған додада кіл мықтылар чемпион атанып, келер жылы Италияда өтетін Олимпиада жолдамасы үйлестіретін турнирге қатысу мүмкіндігіне ие болды. 4 жылда бір ұйымдастырылатын айтулы бәсекеде 13 салмақта 176 спортшы жүлдеге таласты. Бір қызығы, екі финалдық жекпе-жекте әлем чемпиондары жұдырықтасты. 51 кг салмақта Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай арасындағы жекпе-жекте С.Бибосынов 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал 80 кг салмақтағы Нұрбек Оралбай мен Бекзат Нұрдәулетов арасындағы айқаста Н.Оралбай өз шеберлігін дәлелдеді.
19 Қараша, 2023
Словения - Қазақстан матчының төрешілері белгілі болды
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің соңғы турында кездесетін Словения – Қазақстан матчының төрешілері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қараша, 2023
Айбек Оралбай Сағындық Тоғамбайдан басым түсті
Елордада бокстан өтіп жатқан жазғы Спартакиада ойындарында 92 кг дәрежеде Айбек Оралбай Сағындық Тоғамбайдан басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қараша, 2023
Нұрбек Оралбай Спартакиада чемпионы атанды
Астана қаласында бокстан өтіп жатқан жазғы Спартакиада ойындарында 80 келі салмақтың финалдық жекпе-жегі әлем чемпиондары арасында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қараша, 2023
Әлем чемпионатының жүлдегері жеңілді
Астанада бокстан VI жазғы Спартакиада додасының финалдық жекпе-жегі өтіп жатыр. 63,5 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері жеңіліс тапты.
19 Қараша, 2023
VI Спартакиада: Махмұд Сабырхан қарсыласын айқын басымдықпен жеңді
Бүгін Астана төріндегі «Beeline аренада» бокстан жазғы Спартакиада ойындарының финалдық бәсекесі өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
19 Қараша, 2023
Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов жекпе-жегінде жеңімпаз анықталды
Бүгін бокстан төрт жылда бір рет өтетін жазғы Спартакиада сайыстарының финалдық кезеңі өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
19 Қараша, 2023
СҚО-ны қар басып қалды: 1 тәулікте 1 ай нормасындағы қар жауды
Солтүстік Қазақстан облысында 18 қараша күні 1 тәулікте 1 ай нормасындағы қар жауды, деп жазады Egemen.kz.
19 Қараша, 2023
Димаштың ерекше стильдегі жаңа клипі жарыққа шығады
Әлемді әуезді ән, сазды үнімен баурап алған Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің жақын арада жаңа бейнебаяны тыңдарманға жол тартады. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қараша, 2023
Ұлттық құрама Словенияға аттанды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы ақырғы матчты өткізу үшін Словенияға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қараша, 2023
«Менің бауырым» жобасы оқушыларға қорған болады
Балалардың құқықтарын қорғауда мектептер мен жоғары оқу орындары тізе қосып, Астана қаласында «Менің бауырым» студенттік волонтерлік жобасын қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Оман Сұлтанын Ұлттық күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман Сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қараша, 2023
Қазақстан - Сан-Марино ойыны: Бір гол өткізіп алдық
Астанада өтіп жатқан 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан құрамасының қақпасына Сан-Марино ойыншысы алғашқы голын кіргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2023
Есеп 2:0: Қазақстанды Ислам жеңіске жетеледі
Астанада өтіп жатқан 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков Сан-Марино құрамасының қақпасына екінші голын кіргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2023
Димаш Құдайберген мен олимпиада чемпиондары ұлттық құраманы қолдауға келді
Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2023
Қазақстан - Сан-Марино матчының тікелей көрсетілімі
Футболдан келер жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы Қазақстан - Сан-Марино арасындағы ойын «Qazaqstan» ұлттық арнасы мен «Qazsport»телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2023
Президент Қазақстан-Сан-Марино ойынын тамашалайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін «Астана Арена» стадионына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қараша, 2023
Газа секторынан Қазақстан азаматтары елге оралды
Газа секторында қалған Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері бүгін Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды Egemen.kz Сырты істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қараша, 2023