Редакция таңдауы
Қазақстан мен Беларусь арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық нығаяды
Премьер-министр Олжас Бектенов Беларусь Премьер-министрі Роман Головченкомен аталған елдің бас шаһарында келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қараша, 2024
1,5 млрд теңге ұрлаған – Астанада қайырымдылық қорының жетекшісі ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қараша, 2024
Биыл 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы елімізде 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қараша, 2024
Жаңа Су кодексінің артықшылығы қандай
Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексі – Үкімет, министрлік, өзге де мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті уәкілетті органдардың құзыреттерін мұқият реттейді. Бұл – су ресурстарын басқару ісін үйлестіруді жақсартуға ықпал етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қараша, 2024
«Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды
Kazakh Tourism «Үздік туристік ауыл – 2025» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғаны туралы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қараша, 2024
Қазақстан мен Өзбекстан арасында алғашқы теміржол туры іске қосылады
Елімізде «Жібек жолы» атты жаңа теміржол туры іске қосылады. «Алматы – Түркістан – Ташкент – Алматы» бағыты бойынша алғашқы рейс 2024 жылдың 16 қарашасында жолға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қараша, 2024
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қараша, 2024
Инвестиция су саласына серпін береді
Инвестиция иірімінде Impact Investing ұғымы бар. Ол әлеуметтік әсерлі инвестиция дегенге саяды. Яғни әлемге оң әсер етуді көздейтін инвестицияның ерекше түрі. Бұл тұжырымдама арқылы инвесторлар мектеп, аурухана, таза энергия жобасы, су ресурстарын қорғау сияқты қоғамға пайдалы жобаларды қолдайды. Сондай игі инвестиция біздің елдің де есігін қақты. Бакудегі Дүниежүзілік климат саммиті аясында Ислам даму банкінің (ИДБ) елімізде су ресурстарын дамыту жобасына ауқымды инвестиция құятыны мәлім болды.
14 Қараша, 2024
Креативті индустрияны дамытатын жаңа нормалар енгізіледі
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады. Атап айтқанда, депутаттар креативті өндірісті қолдауға және спортты дамыту жүйесін жетілдіруге бағытталған құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.
14 Қараша, 2024
Мал ұрлығына қатысты заң күшейгенімен, ұры-қарылардың тыйылар түрі жоқ. Көбіне төрт түлік тоғыз жолдың торабындағы ауылдардың жайылымынан, қораларынан қолды болады. Биылдың өзінде дәл осындай 26 қылмыстық іс тіркелген. Кейінгі ұрлық әлеуметтік желіде кең таралып, ауылдағы ағайынды тіпті алаңдатып қойды. 40 жылқы тиеп алған «КамАЗ» жүк көлігі мал ұрлығын алдын алу үшін қойылған блок-бекетте құрықталды.
14 Қараша, 2024
Қызылорда облысының Арал ауданында халқы бастан өткерген тұтас бір ғасырды суреттеп, кейіпкерлері әлем әдебиетіне еркін енген қаламгер, Қазақстанның Еңбек ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығы аталып өтті. Жазушы атындағы әдебиет үйінің алдында басталған іс-шара шымылдығы балықшы қауымның өмірін бейнелеген қойылыммен ашылды.
14 Қараша, 2024
«Агрофорум ауыл шаруашылығына жаңа леп әкеледі»
Алдағы маңызды іс-шаралардың санатында Ауыл шаруашылығы форумы да бар. Айтулы жиынға отандық аграрияның екі мыңнан аса өкілі қатысады деп күтіліп отыр. Осы орайда «Ауыл» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Серік Егізбаевпен сұхбаттасқан едік.
14 Қараша, 2024
Өзекті мәселелердің түйіні қалай шешілмек
Облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібінің салалық кеңесі барысында ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қатысты бірқатар өзекті мәселе көтеріліп, саладағы салмақты сауалдар ортаға тасталды.
14 Қараша, 2024
Отандық ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы жемқорлық, бюджет қаражатын ұрлау факторлары – ұлттық экономиканың өсіміне тежеу. Үкімет 2025 жылдан бастап субсидия тәртібі өзгеретіні туралы мәлім еткен. Жаңашылдықтың бірі – ауыл шаруашылығы техникаларына бөлінген несие пайызын субсидиялау талаптарына қатысты.
14 Қараша, 2024
Елімізде ғана кездесетін эндемик – Каспий итбалығы бүгінде жойылып бара жатқан жануарлардың санатында. Итбалықтар Каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кітабына енген. Дегенмен осы бір бейкүнә жануарлардың саны жыл сайын мыңдап қырылып жатқаны алаңдатады. Егер осылай жалғаса берсе, теңіздегі итбалық атаулының мүлде жойылып кету қаупі бар.
14 Қараша, 2024
Қазақстандық фильм Францияда арнайы жүлдеге ие болды
Асхат Кучинчерековтің «Бауырына салу» фильмі Франциядағы «Cinema Heritage» фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды.
14 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Хорватия Премьер-министрімен кездесті
Президент Хорватияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қараша, 2024
Ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге алынады
Мәжіліс депутаттары 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қараша, 2024
Аудиторияның 80 пайызы қазақ тілді контентті тұтынады – Аида Балаева
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласындағы қазақ тілді контенттің үлесін арттыруды тапсырған болатын. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылғанын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қараша, 2024
Мемлекеттік спорттық мекемелер өз қызметтері үшін ақы ала алады
Мәжіліс дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша, сондай-ақ Туризм және спорт министрлігі бастамашылық еткен нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қараша, 2024