Редакция таңдауы
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойылды
Тоқаев Қазақстан Республикасында кезектен тыс президент сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды — сайлау 2019 жылдың 9 маусымына белгіленді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
09 Сәуір, 2019
Сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін - Қ.Тоқаев
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде кезектен тыс сайлауға аса жауапкершілікпен қарайтынын мәлімдеді.
09 Сәуір, 2019
Б.Сапарбаев: Еліміздегі көпбалалы отбасылардың саны - 340,4 мың
Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шаралары белсенді іске асырылып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев мәлімдеді.
09 Сәуір, 2019
Мемлекет басшысы М. Әшімбаевты, А. Перуашевті, А. Қоңыровты, Ә. Бектаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
09 Сәуір, 2019
«Қарапайым заттар экономикасын» дамытуға 600 млрд теңге бөлінді
Биыл Елбасының тапсырмасымен «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін 600 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
09 Сәуір, 2019
БҚО және Павлодар облыстарында экономикадағы шағын және орта бизнес үлесі төмендеген
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов Үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтты.
09 Сәуір, 2019
Салық төлеушілерге 1 млрд теңге өсімпұл кешірілді
Жүргізіліп жатқан салықтық амнистия аясында салықтан 138,3 млн. теңге негізгі қарызын төлеген Ақтөбе облысының кәсіпорнына 330,4 млн. теңге өсімпұл есептен шығарылды. Ал Павлодар облысының салықтар бойынша 1,3 мың теңге берешегін төлеген жеке кәсіпкеріне 173,4 мың теңге өсімпұл есептен шығарылды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
09 Сәуір, 2019
С.Бәйішев атындағы ғылыми-техникалық бағытта мамандар әзірлейтін Ақтөбе университеті 1996 жылы құрылған. 20 жылдан астам уақыттың ішінде аталған университет 5 мыңнан астам студент оқитын іргелі оқу орнына айналды. Мұнда елімізден ғана емес, сонымен бірге Өзбекстан мен Ираннан келіп оқып жүрген жастар да бар.
09 Сәуір, 2019
7-20-25: «мегаполистер бағдарламасына» айналып барады
Мемлекеттің тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы шаралары тәуелсіздік жылдарында үздіксіз жүзеге асырылып келеді. Осы жылдар ішінде сан түрлі бағдарламалар қабылданып, талай азамат үйлі болды. Дегенмен, халық санының ұдайы өсуіне, урбанизация үрдісінің тоқтаусыз жүріп жатуына байланысты баспана мәселесі ешқашан өзектілігін жойған жоқ. Өкінішке қарай, осынау күрделі мәселені шешуге бағытталған кейбір бастамалардың көңілден шығатындай деңгейде жүзеге аспай жататыны бар. Оның да сан түрлі себептері болса керек.
09 Сәуір, 2019
Күй десе, күйші десе елең ететін әдетіммен Орал қаласында тұратын Едіге Нәбиев ақсақалдың атын естіген бойда, тартқан күйлерін тыңдауға асықтым. Көне күйшілер салған сырлы соқпақтың салтын бұзбай, сұлу сазын жоғалтпай келе жатқан санаулы күйшінің сардары екен.
09 Сәуір, 2019
Ежелгі медицина: өркениеттер ізіндегі өріс
Уақытты аялдата алмайтының тәрізді, заман ағымындағы өзгерістерді де тоқтату мүмкін емес. Әйтсе де адамзат тарихында ықылым заманда өткен дүниенің тегермешпен қайта айналып соғатыны болады.
09 Сәуір, 2019
Қарыз тәуелділігі рухани тәуелділікке апарады
Әр ұлттың қай кезеңде болсын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы– өзінің ісін, өмірін жалғастыратын саламатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп жетілдіру – аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Демек, біздер ұрпақ алдындағы борышымызды өтей отырып, олардың болашағын бұлыңғыр емес, жарқын ету үшін, келесі бір қадам – мойындарына ешқандай қарыз қалдырмауға тиістіміз!
09 Сәуір, 2019
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі: Достықты нығайтуға ниеттіміз
АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер таяуда журналистерді жинап, еркін форматта сұхбат берді.
09 Сәуір, 2019
Экспорттық әлеуетіміз көңіл көншіте ме?
Жасыратыны жоқ, Қазақстан экономикасы әлемге шикізат экспорттаушы ретінде танымал. «Экономикалық қауіпсіздік дегеніміз – экспортты көбейтіп, импортты азайту» деген тіркестің бар екенін ескерсек, тек шикізат сатып, басқасының бәрін сатып алуға әдеттенген экономиканың ұшпаққа шықпайтыны түсінікті. Кейінгі жылдары Үкімет шикізаттық емес экспортты дамытуға жоспарлы түрде кіріскені сәл де болса нәтиже бере бастағандай.
09 Сәуір, 2019
Президент Дариға Назарбаеваны, Асқар Маминді, Қайрат Мәмиді және Владимир Божконы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны, Премьер-Министр Асқар Маминді, Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
08 Сәуір, 2019
Арман Жұмабеков Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
08 Сәуір, 2019
Парламент Сенатының Бюро отырысы болды
Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен болған Парламент Сенаты Бюросының отырысында Палатаның 11 сәуірде болатын отырысының күн тәртібі белгіленді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
08 Сәуір, 2019
Қазақстан Иорданиядағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысты
Өлі теңіздің жағалауында «Ынтымақтастық үшін жаңа алаңды әзірлеу» тақырыбында Таяу Шығыс пен Сотлүстік Африка жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) 10-шы өңірлік форумы өтті. Форумның жұмысына Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
08 Сәуір, 2019
Дмитрий Баландин FINA ұйымдастыратын жаңа әлемдік турнирде бақ сынайды
Сәуір айының соңында жүзуден жаңа әлемдік турнирдің бірінші кезеңі өтеді. Champions Swim Series шоуына Қазақстаннан тек қана Дмитрий Баландин шақырту алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
08 Сәуір, 2019
«Mongolia Open-2019»: Отандық балуандар халықаралық сыннан 4 медаль жеңіп алды
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда еркін және әйелдер күресінен «Mongolia Open-2019» турнирі аяқталып, Қазақстан командасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.
08 Сәуір, 2019