Редакция таңдауы
Ертеңімізге сенім үшін дауыс бердік
Сайлауға дейін де, сайлаудан кейін де елдің есендігі мен ертеңін ойлайтын әрбір қазақстандық үшін бір ғана айнымас ұстаным бар: бүгінгі береке-бірлігімізді ұдайы еселей түсіп, тәуелсіздігіміздің іргетасын нығарлап, тұғырын биіктете беруіміз керек. Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік әділдік пен зиялы диалог әрдайым мемлекеттің өркениетті дамуының өлшеуіші болып қала бермек.
19 Маусым, 2019
Еліміздің сот жүйесінде іргелі іс-шаралар, өміршең бастамалар жүзеге асырылуда. Оның бәрі өз бастауын Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан алды. Осы ірі бастама отандық сот жүйесіне тың өзгерістер әкеліп, құқық саласында соны серпіліс болды.
19 Маусым, 2019
Бұл – халқымыз үшін тарихи күн
Ең алдымен, барша қазақстандықтарды еліміздің жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлануымен құттықтаймын. Бұл еліміз үшін тарихи күн, тарихи оқиға, бұл біздің жетістігіміз және тәуелсіздігіміздің жемісі.
19 Маусым, 2019
Қалалар экономикалық өсім орталығы болуы тиіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күш-жігер жұмылдырылып, өзара үйлесімде жүргізілуге тиіс негізгі 10 бағытын атап көрсетті. Ол халықтың табысын арттыру, жемқорлықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, жұмыс орындарын ашу, еңбекақыны көбейту, баспана мәселесін шешу, әділ әлеуметтік саясат, аймақтарды дамыту бағыты және тағы басқалары.
19 Маусым, 2019
Жастар арманына өз елінде жетуі керек
Қазақстан Президентін ресми ұлықтау салтанатында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елдің болашақ даму бағыттары ретінде 10 бағытты атап өтті. Меніңше, осы бағыттардың қай-қайсысы болсын, жас ұрпақты дамытуға, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті буынды қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етеді.
19 Маусым, 2019
Денсаулық және білім саласындағы тың өзгерістер
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қаралды және Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы баяндалды.
19 Маусым, 2019
Зығыр өндіруден бірінші орында
Өсімдік шаруашылығын әртараптандырудың нәтижесінде былтыр майлы дақылдардың жалпы индексі 2, 7 млн тоннаны құрады. Қазақстан зығыр өндіру көлемін 930 мың тоннаға жеткізіп, әлемдік рейтингте 1-ші орынға шықты. Жағымды статистиканы «Қазмедиа» орталығында өткен халық алдындағы есепте Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров келтірді.
19 Маусым, 2019
ҚХА депутаттық тобының отырысы өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламент Мәжілісіндегі депутаттық тобының отырысы өтіп, оның күн тәртібінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі депутаттық тобының Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасынан және сайланған Қазақстан Президентінің лауазымына кірісуінің ресми рәсімінде сөйлеген сөздерінен туындайтын міндеттері туралы» мәселе қаралды.
19 Маусым, 2019
Алматы облысының «Үздік дәрігеріне» жеңіл көлік сыйға тартылды
Өкінішке қарай қоғамда денсаулық сақтау саласын сынамайтын адам кемде-кем. Әрине оның ішінде орнымен айтылған уәж де, дүрмекке ілесіп дақпырт сөз айтып жіберу де бар. Алғашқы топтың ащы дауысы жанайқай мен жанашырлықтан шыққан болса, екінші қауымның ниеті сырттай тон пішу сияқты. Қалай болғанда да, отандық медицина саласы қызметкерлерінің денсаулық күзетіндегі ерлікке пара-пар еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды.
19 Маусым, 2019
Шекаралық аймақтың жайын ойлайық
Шығыстағы Марқакөл өңірінде Жер шарындағы өсіп-өнетін өсімдіктердің, балықтың, жан-жануардың сан алуан түрі бар. Қойнауында алтын, мыс, күміс, көмір, мұнай кендерінің мол қоры кездеседі. Екінші Швейцария аталған, ботаның көзіндей сұлу Марқакөл, теңіз деңгейінен 1500-2000 метр биіктен ағып жатқан Қалжыр, Ақ Қаба, Арасан Қаба, Жаман Қаба, Қара Қаба өзендері, кезінде кемелер жүзген Қара Ертісі бар, бәрі бабаларымыздың бүгінгі ұрпаққа «кәделеріңе жаратыңдар» деп қалдырып кеткен мұрасы.
19 Маусым, 2019
Ендігі жерде «Полиция – қорғаның» деген сөздің тұзы жеңіл екенін түсіндіріп жатудың өзі артық шығар. Өйткені қоғамда тәртіп сақшыларына деген құрмет пен сенімге қатысты екіұдай пікір қалыптасқанын жоққа шығаруға болмайды. Алайда...
19 Маусым, 2019
Дариға Назарбаева Чехияның Қазақстандағы Елшісін қабылдады
Сенат Төрағасы Чехия Қазақстанның бұрынғы досы, Еуропа Одағындағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі екенін атап өтті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
19 Маусым, 2019
Сенат Төрағасы Жапония Елшісімен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Тацухико Касаиді қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
19 Маусым, 2019
Илон Маск Twitter-дегі аккаунтын өшірді
Space X және Tesla Motors компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Twitter әлеуметтік желісіндегі аккаунтын өшіргенін хабарлады.
18 Маусым, 2019
Газетіміздің жүз жылдығы аясында қолға алынған игі істер елордадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жалғасын тапты. Орталық кітапханасына жүздесуге жиналған қариялардың қолындағы «Egemen Qazaqstan» көзімізге жылы ұшырасты.
18 Маусым, 2019
Пекин-Париж ретро-раллиінің қатысушылары Нұр-Сұлтанда тоқтады
Пекин-Париж бағытындағы VII Халықаралық ретро – ралли 1907 жылдан бері алғаш рет Қазақстан территориясымен жүріп өтті.
18 Маусым, 2019
Мысырдың экс-президенті қайтыс болды
Мысырдың экс-президенті Мұхаммед Мурси сот залында қайтыс болды. Ол мемлекетті ұзақ жылдар бойы басқарған Хосни Мубарак халық наразылығы нәтижесінде биліктен кеткен соң, 2012 жылы елде өткен тұңғыш демократиялық сайлау нәтижесінде билікке келген болатын.
18 Маусым, 2019
Лепсідегі жас өрендердің жарысы
Бұл күндері Алматы облысы Алакөл ауданының Лепсі ауылында «Қазақ батырлары» жобасы аясында бокстан еліміздің мақтан тұтар азаматтары – Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам және әлем мен құрлық чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Жәнібек Әлімханұлының жүлдесі үшін республикалық турнир өтуде.
18 Маусым, 2019
Жаңадан сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант беру рәсімінде сөйлеген сөзінде өзіне зор сенім көрсеткен барша қазақстандықтарға алғыс айтып, бұл жеңіс бүкіл халқымыздың жеңісі екенін, біз бәріміз болып еліміздің алға даму жолын айқындап алғанымызды атап көрсетті.
18 Маусым, 2019
Еңбек нарығында ескеретін ерекшелік көп
Жалақы дер кезінде төленбеcе, жұмысшының мүддесі мен құқығы тапталса, заң жүзінде еңбек адамын қорғайтын жалғыз ұйым – кәсіподақ. Еңбек туралы заңнамалардың орындалуына қоғамдық бақылау жасайтын, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер көзделген келісімдер, ұжымдық шарттар жасап, оның орындалуын қадағалайтын да әзірге осы ұйым. Сондықтан кәсіподақтың халықаралық ұйымдармен интеграциялануы өзекті мәселе.
18 Маусым, 2019