Редакция таңдауы
Қарағанды облысының әкімі эстафетаны жалғастырды
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын жалғастырды.
13 Шілде, 2019
Асқар Мамин Бішкекте қазақстандық-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің VIII отырысына қатысты
Премьер-Министр Асқар Маминнің Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуі өтті. Әңгімелесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
12 Шілде, 2019
Айбек Қалиев Баян-Өлгейде өткен айтыста бас жүлде алды
Баян-Өлгей аймағының «Айтыскер» қоғамы мен аймақтық Азаматтар өкілдер құрылтайы және Аймақ әкімі іс басқару орнының ұйымдастыруымен Моңғолияның мемлекеттік мерекесіне орай Баян-Өлгейде халықаралық айтыс өтті.
12 Шілде, 2019
Батыс Қазақстан облысында 24 адам суға кетті
Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті дабыл қағып жатыр: биылғы суға шомылу маусымы басталғалы облыста 24 адам, оның ішінде 7 бала суға кеткен.
12 Шілде, 2019
Қостанайда кәсіпқой боксшыға адам өлтірді деген айып тағылды
Кеше NBA Americas (Ұлттық бокс қауымдастығы) өңірлік титулын жеңіп алған қостанайлық боксшы Аслан Мұқанов адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ол облыс орталығының іргесінде орналасқан Қостанай ауданындағы Алтын дала ауылында тұратын 32 жастағы туысын пышақтап өлтірген. Марқұм болған адамның әйелі полицияға хабарлағаннан кейін, ізін суытпай қылмыскер ұсталды. Ол оқиға орнынан ізін жасырып үлгерген болатын.
12 Шілде, 2019
Халық арасында «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деген қағида жиі айтылады. Ал қазақ ұлттық сахна өнерінің қазіргі жағдайы сол бағаға қаншалықты сай дей аламыз? Осы және бүгінгі қазақ драматургиясы һәм театрлық қойылымдардың өзекті мәселелері жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай ЖҰМАТ-ӘЛМАШҰЛЫМЕН болған сұхбатта баяндалады.
12 Шілде, 2019
Ақ маңдайын күн сүйген құмдауыт, ақшаңқан қыраттардың бөктерiнде бұйығып, мәңгiлік тыныштық құшағында мүлгiп жатқан тылсым дүние. Көне заманалардың куәсі. Ескi қорымдар. Үнсiз құлпытастар.
12 Шілде, 2019
Қайғысыз қара суға семірер немесе біз қандай әлемде өмір сүріп жатырмыз?
Халық арасында «тарих қайталанады» деген бір ұлағатты сөз бар. Бұл айтылғанның ақиқаттығына ешкім күмән келтіре қоймаса керек. Өкініштісі, жақсылықтардан гөрі жамандықтар жиірек қайталанатынға ұқсайды.
12 Шілде, 2019
Мейірғат Амангелдин: Кинодағы ұстазым – Қасым сұлтан
Мейірғат Амангелдин есімімен көпшілік қауым режиссер Рүстем Әбдіраштың «Қазақ хандығы: «Алмас қылыш» және «Алтын тақ» фильмдеріндегі Қасым сұлтан бейнесі арқылы жақсы таныс. Аталған туындыда жарқ ете қалған жас актердің жасындай отты жанары көпшілік есінде жатталған. Күні кеше ХV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің шымылдығын түрген айтулы кинокартинаны тамашалап отырып, Мейірғат кейіптеген Қасым сұлтан бейнесіне басқа қырынан және бір мәрте үңілгендей болдық. Көрсетілімнен кейінгі актермен өрбіген әңгімеміздің негізгі ауаны да осы экран мен сахнадағы рөлдері айналасында болды.
12 Шілде, 2019
Ақжайықта ауыл спорты дамып келеді
«Тәні саудың – жаны сау» дейді халқымыз. Бірақ тән саулығы өзінен-өзі келмейді. Адам баласы саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысып, сергек қалпын сақтауы үшін мемлекет тарапынан соған сәйкес ұйымдастыру жұмыстары, үгіт-насихат та керек-ақ. «Ақжайық өңірінде Елбасының бұқаралық спортты дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау туралы тапсырмасын іске асыру арқылы дені сау ұлт қалыптастыру жөніндегі тапсырмалары жақсы жүзеге асырылып келеді», дейді Батыс Қазақстан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева.
12 Шілде, 2019
Арақ-шарап саудасы бақылауды қажет етеді
Біріккен Ұлттар Ұйымының деректеріне қарағанда, еліміз алкоголь өнімдерін ішу көрсеткіші бойынша әлемде алғашқы он елдің қатарына нық орналасқан. Ал Орталық Азия аумағында ащы суды тұтыну бойынша ұзақ уақыттан бері бірінші орынды бермей келеміз. Бұл – мақтанарлық емес, қынжыларлық көрсеткіш. Соңғы кездері жастар имандылыққа бет бұрып келеді, қоғамда алкоголь құмарлар азайды деп өзімізді қанша жұбатқанымызбен, ол тажалды литрлеп санағанда ешкімге дес бермей келеміз. Сонда қайтпек керек? Парламент Сенатының жалпы отырысында сенатор Сәрсенбай Еңсегенов аталған мәселеге байланысты дабыл қағып, Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады. Анығын айтсақ, Үкіметтен алкоголь өнімдері саудасын реттеуді талап етті, ұсынысын білдірді. Мәселенің анық-қанығын толық түйсіну үшін сенаторға бірер сауалымызды көлденең тарттық.
12 Шілде, 2019
Санға емес, сапаға басымдық берілмек
Nur Otan партиясы Трағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, партия облыстық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясына қатысты. Жиын барысында ол партияның жаңа кезеңдегі міндеттерін анықтап, алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын айқындап берді.
12 Шілде, 2019
Архив – 2025: архившілер мен тарихшылар диалогы
Қазақстан Республикасы Президенті архиві мен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейімен бірлесе отырып, «Архив – 2025: архившілер мен тарихшылар диалогы» атты дөңгелек үстел өткізді.
12 Шілде, 2019
Бабалардың бабасы, әулиелердің атасы Ысқақ баб қоныс тепкен бұрынғы Балладж – Қарғалық қаласы – хан ордасы болған мекен, бүгінде Бабата аталады. Киелі Түркістан жерінде қасиеті мол Құлқожа Ахмет жатса, осы әулиенің жетінші атасы, ұлы пайғамбарымыздың ұрпағы Ысқақ баб Бабатада жатыр. Ысқақ баб сағанасының бой көтерген уақыты деректерде 876 жыл деп жазылады.
12 Шілде, 2019
Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша судьялардың кеңейтілген кеңесін өткізді. Кеңес жұмысына Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әлия Рақышева, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов және Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров қатысты. Кеңес интернетте онлайн режімінде көрсетілді және оған бейнебайланыс арқылы жергілікті соттар да қосылды.
12 Шілде, 2019
Бала тағдыры – болашақ тағдыры
Бүгінде балалар құқығын қорғаудың орны ерекше. Өйткені қоғам өркениетінің және оның жарқын болашағының кепілі осы өскелең ұрпақ екені баршаға аян. Осы орайда біз еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент Сенатының депутаты С.Айтпаеваға жолығып, балалар құқықтарын қорғау мәселелері жайында айтып беруін сұраған едік.
12 Шілде, 2019
Шіліңгір шілденің 11-13-і күндері елордада 15 мемлекеттің білікті мамандары бас қосқан Балалар нейрохирургтарының еуразиялық қауымдастығының (БНЕҚ) II съезі өтіп жатыр.
12 Шілде, 2019
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы 2018 жыл қорытындысында шағын және орта бизнесті дамыту көрсеткіші жөнінен республика бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Ауданда әсіресе шағын кәсіпкерлікті жұмыссыздардың, атаулы әлеуметтік көмек алып отырған әлеуметтік осал топтардың есебінен дамыту жолға қойылған.
12 Шілде, 2019
Сапалы тауар өндірушілер анықталды
Облыс өңірінде соңғы жылдары орта және шағын бизнестің әжептеуір дамып келе жатқаны байқалады. Қызмет көрсетумен өнім өндіргенде ғана бизнес экономиканың мық шегесіне айналады. Биыл «Қазақстанның үздік тауарлары» облыстық байқау-көрмесі бесінші рет өткізілді.
12 Шілде, 2019
UIB президенті Дархан Ахмед-Заки: Білім сапасының жоғары деңгейі – заманауи қоғам талабы
– Дархан Жұмаханұлы, жоғары технологиялы өндірістер мен бизнес, білім мен ғылым үшін интеллектуалды сапалы маман даярлау жолындағы бәсекелестікте UIB тек өзіне ғана тән дәстүрін қалыптастыра алды ма?
12 Шілде, 2019