Редакция таңдауы
Терминология тезге түсуге тиіс
Термин о баста латын тіліндегі «terminus – шек, шекара» деген сөздерінен пайда болған. Энциклопедиядағы анықтама «Термин, атау ғылым, техника сол сияқты тұрмыстың белгілі саласындағы ұғымдарды да атау үшін жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестері». Сонда термин дегеніміз, ең алдымен, негізінен ғылым мен техника, технология саласында пайдаланылатын, қолданылатын арнайы лексика болып шығады. Оған қойылатын басты талап: дәлдік, нақтылық, жүйелілік, бір мағыналылық.
30 Қыркүйек, 2020
Интернационалмен қоштасатын кез келді
Жуырда «Егеменде» Петропавл қаласында әлі күнге Интернационал көшесінің бар екендігі, бірақ қазақ халқының ұлттық көсемдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және тағы басқа Алаш ардақтыларының атында бірде-бір көше жоқ екендігі жазылды («Egemen Qazaqstan», «Петропавл Интернационалды ұлықтап отыр. Неге?», 23.09.2020 ж).
30 Қыркүйек, 2020
ИТАКА. Академиялық салалар арасындағы шекара әдетте қолдан жасалады, оның себебі біздің мүмкіндігіміздің жетіспеуіне байланысты. Бірақ экономист Альберт Хиршман айтқандай, біз оны бұзуға мәжбүр болатын уақыт келеді. Қазіргідей COVID-19 індетіне қарсы күрес пен экономикалық дағдарыс – дәл сол дәуірге сай.
30 Қыркүйек, 2020
Жигули Дайрабаев: Фермер Үкіметтің емес, Үкімет фермердің соңынан жүруі керек
10 мыңнан астам фермердің басын біріктіріп отырған одақтың төрағасы Жигули Дайрабаев жуырда автокөлікпен еліміздің біраз аймағын аралап, ауылшаруашылық секторындағы ахуалды көзімен көріп келді. Шаруалар қауымын алаңдататын қандай проблемалар бар? Оны шешудің жолдары қандай? Фермерлер одағының төрағасына осы тектес сауалдарды қойып, сапар барысында көрген-түйгендері туралы сұраған едік.
30 Қыркүйек, 2020
Мемлекеттік қызмет мұраты – әділдік
Мемлекет басшысының 1 қыркүйекте жария еткен «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы ауқымы жағынан да, алға қойған жоспарлы шаралар жағынан да ел дамуының жаңа кезеңі үшін маңызды құжат болып отыр.
30 Қыркүйек, 2020
Ел экономикасына серпін беретін ұлттық жоба
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауында: «Отандық ауыл шаруашылығын дамытпай, елімізде бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес», деп баса айтты. Жолдауда отандық агроөнеркәсіп кешеніне ерекше көңіл бөлінуі ауылшаруашылық бағыттағы білім, ғылым саласы мамандарына үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.
30 Қыркүйек, 2020
Пара беруші болмаса, алушы да болмайды
Мемлекет экономикасын тұралатуға және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге қауқарлы сыбайлас жемқорлық мәселелері – әлі де күн тәртібінен түспей келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керектігін айтты. Сондай-ақ Президент сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдарды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалыптастыру қажеттігін атап көрсетті.
30 Қыркүйек, 2020
Солтүстікте ата-аналар өтінішімен мектеп салынды
Бүгін Бескөлде 300 орынға шақталған жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Қыркүйек, 2020
Әсет Исекешев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталыққа барды
Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Antıkor Ortalyǵy сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Қыркүйек, 2020
Тағы бір әкім қызметінен кетті
Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды. Облыс басшысының баспасөз қызметі мәлімдегендей, ол отставкаға кету туралы өтініш берген, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Қыркүйек, 2020
Арқалық құс фабрикасы карантинге жабылды
Арқалық құс фабрикасы Қостанай облысы әкімінің қаулысымен карантинге жабылып, уақытша жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Қыркүйек, 2020
Смартфонын қуаттамақ болған оқушыны тоқ ұрып, қайтыс болды
Оқушы ұялы телефонды қуаттау кезінде электр тоғы соғып, қаза тапты. Оқиға Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында болған, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Қыркүйек, 2020
Елордада қатаң карантиндік шектеулер енгізілуі мүмкін
Елордада коронавирусқа қатысты талаптар сақталмаса, онда қатаң карантиндік шаралардың қайта қабылдануы мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева баспасөз мәслихатында айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Қыркүйек, 2020
Хамит Шаңғалиев: Бізде жасанды әндер көп
Былтыр Junior Eurovision ән байқауында Ержан Максим жүлделі орын алғанда өнерсүйер қауымның қуанышында шек болмаған. Биылғы Польшада өтетін халықаралық додада еліміздің атынан Қарақат Башанова бақ сынамақ. Әншінің бағын асыратын әдемі ән екені даусыз немесе нақышына келтіре орындалған ән әншіні танымал етпек. Ал осы қос дарынның жұлдызын жаққан композицияның авторы былайғы жұртқа беймәлім. Дүбірлі додаға қызу дайындық арасында композитор, музыкалық продюсер Хамит Шаңғалиевті аз-кем әңгімеге тарттық.
29 Қыркүйек, 2020
Емханаға тіркелу жолдары қандай?
Қыркүйектің 15-інде елімізде емханаға тіркеу науқаны басталды. Екі айға созылатын дәстүрлі науқан қарашаның 15-інде аяқталады. Басқа емханаға ауысу үшін не істеу керек? Емхана қандай жағдайда сізді тіркеуден бас тартуы мүмкін? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының мамандары жауап береді.
29 Қыркүйек, 2020
Саланы жаңғырту – уақыт талабы
Президент Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін, жаңа экономикалық дамытуды жан-жақты ашып көрсетті. Елбасы айқындаған «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттары есімізде.
29 Қыркүйек, 2020
Біз жолсапармен өңірдегі Ертіс, Ақтоғай аудандарына барған едік. Маңдай тердің төгілгені – өз несібесін беруде. Астық мол, дастархан толы. Ел-ішінің жағдайы жақсы. Бірақ, диқандар мен фермерлер ауылға, шаруашылықтарға интернет желісі, ұялы байланыс жетсе екен дейді. Ауыл шаруашылығында еңбек ететін жас мамандардың қатары көбейгенін күтеді.
29 Қыркүйек, 2020
Білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынды
Қыркүйектің 24-25-і аралығында Сүлеймен Демирел университетінің ұйымдастыруымен «Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9-шы халықаралық конференциясы» (ICBCB) өз жұмысын бастады.
29 Қыркүйек, 2020
Мәншүк Мәметова ғұмырнамасын зерделеудің кейбір тұстары
Мәншүк Ұлы Отан соғысы басталған кезде 19 жаста екен. Ол майданға сұранып, қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, ашпаған есігі, қақпаған терезесі қалмаған еді. Белді мекемелерді, беделді басшыларды мазалап біткен оның өтініші ақыры қанағаттандырылған болатын. КСРО Қорғаныс министрлігінің мұрағатында сақталған Мәншүктің арызының берілген мерзімі 1941 жылдың 27 тамызы екенін айғақтайды және оның қысқаша мазмұнын берсек, ағасы да, әпкесі де жоқ болғандықтан фашистерді жоюға өзін жіберуді сұраған.
29 Қыркүйек, 2020
Волонтер жылы халықаралық шараға ұласа ма?
Мейірімді жандардың игі істері адамзатқа аса ауыр сын түскен сәтте де толастамады. Әлеуметтік арақашықты сақтау, мейлінше үйде отыру секілді қатаң талаптарға қарамастан, ерікті азаматтар қолынан келген көмектен аянып қалған жоқ.
29 Қыркүйек, 2020