Редакция таңдауы
Отандық фармацевтика қандай деңгейде?
Отандық фармацевтика саласында қазіргі таңда 96 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 33-і дәрілік заттар, 41-і медициналық бұйымдар және 22-сі медициналық техника өндіреді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
06 Қазан, 2020
Биыл егін жинау науқаны бір айға ерте аяқталды
Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биыл егін жинау жұмыстары өткен жылға қарағанда бір ай бұрын аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
06 Қазан, 2020
Жастар ауылдық жерде жұмыс істесе...
Бүгінде ауылдық жерлерде бас қосқан жағдайда жиі еститініміз – мал бағатын, трактор айдайтын адамның аздығы. Бір жағынан жаздың ыстығы, күздің қара суығы тоқтаусыз трактор жүргізу де оңай емес. Оған қоса, ауылдағы техниканың дені ескі. Ауылдағы бұрыннан келе жатқан кәсіби механизаторлар ескі техниканы жамап-жасқаумен-ақ қартайғаны рас. Ауылдық жерде мал шаруашылығын қолға алған шаруа төрт түлігін бағатын малшы таппай бір әуреге түссе, қысқы жем-шөпті дайындау әрі тасымалдау үшін тракторшыны іздеп сабылып жүргені.
06 Қазан, 2020
Қырғызстанда парламенттік сайлау өтті
4 қазанда Қырғызстанда өлкенің ең жоғарғы өкілетті органы Жоғарғы Кеңешке депутаттардың сайлауы өтті. Сайлауға тіркелген 3 523 554 азаматтың 1 982 962-сі дауыс беруге қатысты. Бұл сайлаушылардың 56,28%-ын құрайды.
06 Қазан, 2020
Бұйырса, күзгі жиын-терін аяқталып, жұрт жаңа маусымның жемісінен ауыз тиіп жатыр. Болжам бойынша, диқандар биыл да қамба толтырып, кеусен таратарлықтай өнім жинаған. Алайда ішкі нарықтағы көкөніс пен жеміс-жидек бағасы арзандамай отыр. Әсіресе азық-түлік базарларындағы алманың құны аспандап тұр.
06 Қазан, 2020
Қашықтан оқыту жағдайында ұстаздардың біліктілігін көтеру ерекшеліктері
Қазіргі кезде өркениетті елдердің білім беру саласы мектеп түлектеріне ХХІ ғасыр дағдыларын меңгертуге арналған шараларды қолға алып отыр. ХХІ ғасыр дағдыларының бастыларының бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана білу, цифрлы сауаттылықты қалыптастыру. Биылғы бүкіл әлемді жайлаған пандемия бұл дағдылардың қажеттілігі мен өзектілігін еселеп арттырды. Ұстаздардың тез арада оқушыларды қашықтан оқыту технологиясын меңгеріп, оны практикада жедел түрде пайдалана білу қажеттігі туындады.
06 Қазан, 2020
Дәуқаралықтар да жеңіске үлес қосты
Миллиондаған адамның өмірін қиған, 1418 күнге созылған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына да 75 жыл толды. Ел шетіне жау тигенде, Отан қорғауға аттанған қазақ халқының азаматтары атақ-даңқын өшпестей етіп тарих бетінде қалдырды. Солардың ішінде Солтүстік Қазақстан (бұрынғы Көкшетау облысы) облысындағы Айыртау ауданына қарасты Дәуқара ауылының майдангерлері де бар. Бүгінгі бейбіт өмірімізге жол салған дәуқаралықтар 114 болатын, бірақ өкінішке қарай солардың жартысынан көбі, нақтылап айтқанда 74 адам майданда ерлікпен қаза тапты.
06 Қазан, 2020
Айтматовтың адастырмас «Құс жолы»
Қостанайдағы І.Омаров атындағы қазақ драма театры ХХІ маусымын Ш.Айтматовтың «Ана – Жер Ана» повесінің желісімен қойылған «Құс жолы» премьерасымен ашып отыр. Драмалық шығарманың режиссері – Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдықадыров.
06 Қазан, 2020
Әртістер даусын кенеп, сахнаға шығар сәтін тағатсыздана күтуде. Костюм тігіншілері мен грим жасаушылар соңғы әзірліктерін аяқтауда. Ал қоюшы режиссер болса, финалдағы көріністерді тексеріп, түзетіп, шымылдық ашуға бұйрық берер жауапты сәтке дайындалуда. Әрқайсысы өзіне тиесілі жұмысты тындырып жүргенімен, барлығына ортақ күй, толқыныс біреу, ол – сағыныш! Жай сағыныш емес, қасиетті өнер, киелі сахнаға деген сағыныш.
06 Қазан, 2020
Цифрлы мемлекет құрудың қарқыны қалай?
Жалпы әлем бойынша цифрландырудың өзектілігі әлдеқайда артып отыр. Денсаулық сақтауды, білім беруді, мемлекеттік басқаруды, мемлекетаралық қатынастарды, экономиканың сан саласын цифрландыру күн тәртібіндегі аса маңызды мәселеге айналды. Цифрландыру елімізде қалай жүргізіліп жатыр?
06 Қазан, 2020
Музыка мен Мұқан Төлебаев есімінің егіз ұғымға айналғаны қашан. Ол қазақ музыкасын жаңа әуендермен, тың тақырыптармен байытты, жанрлар аясын кеңейтті, жаңа құралдармен жабдықтады, қазіргі ұлттық операның негізін қалады. Қазақ музыка кеңістігіндегі өзге еңбегін айтпағанда, жалғыз-ақ «Біржан – Сара» операсы ұлт руханиятындағы құбылысқа айналды.
06 Қазан, 2020
1989 жылдың 17 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында КСРО-ның бас шаһары – Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешенінде бокстан V әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Айтулы жарыста 43 мемлекеттен келген 236 былғары қолғап шебері күш сынасты. Cолардың арасында атағынан ат үркетін сақа саңлақтармен қоса, жалындап өсіп келе жатқан дарынды жастар да болды. Сол гүрзі жұдырықты жігіттер екі апта уақыт аянбай айқасып, 12 салмақ дәрежесінің жүлделерін өзара сарапқа салды.
06 Қазан, 2020
Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды
Физиология және медицина саласындағы биылғы Нобель сыйлығының лауреаттары Харви Ольтер және Чарльз Райс атты екі американдық пен британдық Майкл Хоутон болды. Белгілі сыйлық лауреаттарға С гепатиті вирусын ашқаны үшін берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қазан, 2020
Түркияда коронавирусқа қарсы отандық вакцина адамдарға сынала бастады
Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа отандық вакцинаның адамдарға сынала бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қазан, 2020
Бүгін - Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл
Бүгін - қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, ақын, жазушы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің туған күні, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қазан, 2020
Джозеф Байден пікірсайысты кейінге қалдыруға дайын
АҚШ-тың демократиялық партиясынан президенттікке үміткер Джозеф Байден президент Дональд Трамптың коронавирус жұқтыруына байланысты келесі пікірсайысты кейінге қалдыруға ниетті. Бұл туралы демократиялық сайлауалды штабтың өкілі Кейт Бедингфилд ABC телеарнасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қазан, 2020
Испанияның жоғарғы соты Каталонияның президенті Ким Торраны қызметінен босатты. Оған 18 айға дейін мемлекеттік лауазым атқаруға тыйым салынып, 30 мың еуро айыппұл төлеуге міндеттелді. Сепаратистік аймақ саналатын өңір басшысының құзіретін тоқтатуға басты себеп – оның Мадрид билігінің бұйрығына бағынбауы.
05 Қазан, 2020
Кешенді жарыстарда ең көп жүлде жиынтығы жеңіл атлеттер сайысында сарапқа салынатыны белгілі. Мәселен, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанған Олимпия ойындарында – 141, ал 2019 жылы Дохада өткен әлем чемпионатында 147 медаль таратылды. Яғни спорттың осы түрінде қай елдің өрендері табысты өнер көрсетсе, солардың жалпы командалық есепте топ жаруына тамаша мүмкіндік туындайды. Сол себепті жанкүйерлер жеңіл атлетиканы «Спорт падишасы» деп те атайды.
05 Қазан, 2020
2018 жылдан бастап, Шығыс Қазақстан облысы бойынша құрылысқа арналған, жалпы ауданы 335,98 гектар пайдаланылмайтын жер учаскесі анықталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында еліміздегі құрылыс үшін берілген, алайда пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтарып алу жөнінде айтқан болатын. Біздің өңірде де осы бағытта бірқатар жұмыс атқарылды.
05 Қазан, 2020
Өткен аптада облыс әкімдігінде аймақтың қыс маусымына дайындығы пысықталып, өңір басшысы Архимед Мұхамбетов облыстың жылу маусымына дайын екенін мәлімдеді. Ал Қостанай жылу-энергия компаниясы (ҚЖЭК) 28 қыркүйектен бастап барлық жылу көзін іске қосты. Енді пәтер иелерінің тұтынушылар кооперативі біртіндеп тұрғын үйлерге жылу жібере бастайды.
05 Қазан, 2020