Редакция таңдауы
Ел үшін жаралған ер (Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріндегі қалдырған ізі)
(Соңы. Басы 221-нөмірде) Қаһарманмен кездесу Бағыма орай, өмірімде екі рет Баукеңмен кездесіп сөйлесу бақытына ие болдым. Бұл кездесу жөнінде бұдан бұрын өз повесімде тарқатып, «Менің өмірімдегі Бауыржан Момышұлы» кітабында айтқан болатынмын. Менің Баукеңмен кездесуім қалыптан тыс, сирек кездесетін тұлғаға одан сайын терең үңілуге жетеледі.
19 Қараша, 2020
«Құдайсыздарды» қылқаламмен бейнелеген
Көрнекті жазушы Дидахмет Әшімханұлының 70 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық суретшілер байқауында бас жүлдені Жарма ауданы Сұлусары ауылының суретшісі Мәди Қайырхан қанжығалады.
19 Қараша, 2020
Облыста өнеркәсіпті дамытуда отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға баса назар аударылатын болады. Nur Otan партиясы БҚО филиалының кезектен тыс XXVI конференциясында сөз алған облыс әкімі, филиал төрағасы Ғали Есқалиев осылай деді.
19 Қараша, 2020
Мектепке дейінгі білім берудің сапасы маңызды
Індетке байланысты мектептер мен ЖОО-лар қашықтан оқу дәстүріне көшсе, балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істеп жатыр. Осы ретте бас шаһардағы балабақшалар жайы қалай болып жатқанына тоқталып өтсек.
19 Қараша, 2020
Еуропалық одақтың бюджеті бекітілген жоқ
Еуропалық одақтың алдағы жеті жылға арналған 1,82 триллион еуро тұратын бюджеті бекітілген жоқ. Құжатқа Венгрия мен Польша вето қойды. Жоспар бойынша, қаражат коронавирус індетінен кейінгі кезеңде экономиканы құтқаруға және 2021-2027 жылдарға арналған-ды.
19 Қараша, 2020
«Социалистік Қазақстан» газеті ұжымы үшін (қазіргі «Egemen Qazaqstan») 1973 жылдың бірінші жартысы өте ауыр болды. Біразға созылған науқастан айыға алмай редакторымыз Ұзақ Бағаев қайтыс болды. Қазақ қауымын қатты шайқалтқан бұл қазадан сәл бұрын сол Ұзақ ағаның бірінші орынбасары қызметіндегі Сапаржан Хайдаров дүниеден өтті. Осылайша жарты жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде екі бірдей басшысынан, қазақтың екі мықты қаламгерінен, аяулы азаматтарынан айырылып қалған үлкен газет ұжымы жетімсіреп-ақ қалдық.
19 Қараша, 2020
Өзбек драма театры жаңа маусымын ашты
Шымкентте қалалық өзбек драма театры XVIII маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мәдениет ошағына биыл қалалық бюджеттен 129 807,0 мың теңге, оның ішінде 1974 жылы салынған ғимаратты ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 32 884,0 мың теңге бөлінген болатын.
19 Қараша, 2020
Нұрлан Нығматуллин: Туристік компанияларға қысым көрсетуге тырысудың қажеті жоқ
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин туристік қызметке қатысты заңға енгізілетін кейбір өзгеріс негізсіз екенін алға тартады, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Қараша, 2020
Мәлік Ғабдуллинге арналған ескерткіш бұрышы ашылды
Ұлттық қорғаныс университетінің әскери-гуманитарлық ғылымдар факультетіне Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин есімі берілді. Сол күні ардагердің құрметіне ескерткіш бұрышы ашылды.
18 Қараша, 2020
Елімізде саяси қызметкерлер ротацияланады
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі елімізде саяси қызметкерлерді ротациялау институты енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Қараша, 2020
Мұхамед Әли боксқа қалай келген?
Кәсіпқой бокс тарихында аты мәлім қара түсті боксшылардың көбі дерлік бала кезінде жанжалға бейім, тіпті қылмысқа да тартылып үлгергенін байқаймыз. Ал бала Кассиус Клей орта мектепте сабақ үлгерімі жақсы, тиянақты, тәртіптілігімен көзге түскен. Ендеше бұл баланы боксқа итермелеген құдірет не?
18 Қараша, 2020
Жақсылық бар жерде тапшылық болмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылының ашылу салтанатында «Волонтерлік – тегін жұмыс емес, ол азаматтың жауапкершілігі мен әлемді жақсартуға дайындығының көрсеткіші» деген пікірін білдірген-ді. Әлем жұртшылығын әбден әбігерге салған пандемия дендеген кезде волонтерлердің де қоғамдағы маңызын терең түсіндік. Волонтерліктің дамуын жолға қоятын кез келгенін ұғына түстік. Осы тұста аталған сала бойынша атқарылып жатқан шаралар мен жоспарлар төңірегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр ҚожахметПен әңгімелескен едік.
18 Қараша, 2020
Бала құқығын қалай қорғап жүрміз?
Қазір қай жерден де белі қатпай жатып бейнетке батып жүрген балаларды жиі көретін болдық. Кейде базардағы сатушылар арасынан мектеп оқушыларын да көзіміз шалып қалады, маршрутты көлікке мінсең кондукторлардың көбі тағы сол кәмелетке толмағандар екендігін байқайсың. Мұндайда «Еңбекке жастан, өнерге бастан» деп өзімізді алдап қоятынымыз бар. Бірақ, осы көріністер бізде бала құқығын қорғаудың нақты көрсеткіші секілді көрінеді де тұрады.
18 Қараша, 2020
Қала тіршілігі қарбаласқа толы. Озық қалалардың оңтайлы әдіс-тәсілдерін пайдаланып, шаһар тұрғындарына жайлы орта қалыптастыру – ұдайы назарда. Бұрынғымен салыстырғанда елорданың бүгінгі даму көрсеткіші анағұрлым алда екені анық. Соңғы кезде Нұр-Сұлтанда үйлер газға қосыла бастады деген ақжолтай ақпараттар тарап, көптің көкейінде жүрген мәселенің шешілгеніне қуанып қалдық. Көмір жағып, күл шығарған күндер артта қалғаны тұрғындар тұрмысына серпін берері сөзсіз.
18 Қараша, 2020
Тұтыну нарығындағы жағдай қалай өзгерді?
Биылғы жылдың алғашқы жартысында тұтыну нарығындағы ахуал нашарлағанымен, 10 айдың қорытындысы бойынша ахуал тұрақталып келе жатқаны байқалды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты.
18 Қараша, 2020
Ауыз су тапшылығы қайтсе реттеледі?
Республикамыздың батыс бөлігінде жыл сайын өсіп-өркендеп, қанатын кеңге жайып келе жатқан қаланың бірі – Орал. Жайықтың жағасында орналасқан көне де жаңа шаһардағы тұрғындар саны да жыл сайын өсіп келеді. Оның болашағы бұдан да жарқын болатынына да ешқанай шәк жоқ.
18 Қараша, 2020
«Атаманның ақыры» немесе Аймановтың соңғы фильмі
«Атаманның ақыры» – қазақ кино қоржына теңдессіз олжа болып қосылған қомақты туынды. Айтулы фильм отандық кинематография тарихына детектив жанрында түсірілген тұңғыш кинокартина ретінде енуімен құнды болса, қазақтың ұлтжанды ұлы, бірегей режиссері Шәкен Аймановтың соңғы түсірген туындысы болуымен аяулы, қастерлі.
18 Қараша, 2020
Жақында ҰҒА академигі, Болония Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (Италия), Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жанындағы физикалық антропология зертханасының меңгерушісі Оразақ Смағұлов пен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Республикалық антропология зертханасының аға ғылыми қызметкері Айнагүл Смағұлованың авторлығымен қазақ халқының кешенді физикалық антропология анықтамасына негізделген «Қазақ халқы және ата тегі» атты аса құнды еңбегі жарық көрді.
18 Қараша, 2020
Сарбас Ақтаев: «Егеменнің» ең басты ерлігі – қазаққа қазақ атын қайтарып бергені
– Сарбас аға, «газет – қоғам айнасы, тілші – жаңалық жаршысы» деген қоғамның озық насихатшысы бола жүріп, ұлттық журналистиканың аяғынан нық тұруына қызмет еттіңіздер. Бүгінгі «Егеменнің» ардагері ретінде айтарыңыздың көп екеніне де еш күмән жоқ...
18 Қараша, 2020
Сапалы интернетке қол жеткізудің қуанышы
Елімізде ауылдық елді мекендерде тұратын тағы 700 тұрғын кең жолақты интернетке қосылды. Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Тоқтаров ауылының мектеп оқушылары сапалы білім алуға мүмкіндік алды.
18 Қараша, 2020